Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көпбейінді халықаралық деңгейдегі 16 аурухана салынады

Қазақстанда көпбейінді халықаралық деңгейдегі 16 аурухана салынады

ҚР денсаулық сақтау министрлігі ескі 40 нысанның орнына халықаралық деңгейде 16 көпбейінді аурухана салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы аясында республика бойынша ауруханалардың инфрақұрылымын жаңарту жоспарлануда. Ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейде 16 көпбейінді аурухана (облыстық көпбейінді ауруханалар, қалалық көпбейінді ауруханалар, университеттік клиникалар) салынады.
Ауруханалардың жобасы заманауи техникалық шешімдерге сәйкес жасалады, ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында медициналық техникамен, ақпараттық жүйемен қамтамасыз етіледі және техникалық қызмет көрсетіледі.
Әрбір стационарда пациенттерді уақтылы және сапалы диагностикалау мен емдеуге, клиника қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың инфекциялық емес желісіндегі жүктемені төмендететін қазіргі заманғы инфекциялық корпустар салу жоспарлануда.
Ауруханалар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және басқа да ұзақ мерзімді келісім-шарттар шеңберінде салынады деп жоспарлануда, бұл бюджет шығынын төмендетуге, шетелден капитал, ауруханалар құрылысына жаңа технологиялар тартуға және денсаулық сақтау объектілерін пайдалану сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
5-6 жыл ішінде халықаралық Joint Commission International (JCI) стандартына сәйкес 8000 орындық жоғары технологиялық ауруханалар желісін құруға болады.
Бұл жобаларды халықаралық деңгейде ауруханалар салу және пайдалану бойынша тәжірибесі бар отандық және шетелдік компаниялар жүзеге асырады.
Ауруханалар құрылысының жобаларын уақтылы іске асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы оператор - жобалау компаниясы құрылады (заңды тұлғаны құру туралы НҚА жобасы ашық НҚА сайтында орналастырылған).

28 сәуір 2020 ж. 722 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031