Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тестостерон гормоны ер адамға қаншалықты маңызды?

Тестостерон гормоны ер адамға қаншалықты маңызды?

Тестостерон – ер адам ағзасының құрылымына жауап беретін гормон.
Құрсақтағы сәби алғаш пайда болғанда тек әйел адамға тән белгілерден құралады, егер ерге тән тестостерон гормоны қалыптасса, тоғызыншы аптада ғана оның жынысы анықталады, яғни ер бала болады. Ал әйелге тән эстроген гормоны көп болса, ол қыз бала болып қалыптасады.
Егер ер адам ағзасында тестостерон мөлшері қалыпты болса, онда ол денсаулығы жақсы азамат саналады. Ал бұл гормон деңгейі төмендеуін мынадай белгілер арқылы анықтауға болады:
– ми жұмысы, есте сақтау қабілеті нашарлайды;
– күйзеліс, қоршаған ортаға еш қызығушылығы болмайды;
– бұлшықет семіп, артық салмақ көбеюі;
– ағзада эстроген көбейеді, яғни әйелге тән (деп саналатын) қасиеттер басым болады, шаш түсе бастайды;
– психологиялық, физикалық қиындықтарға төзе алмайды.
Ерге тән тестостерон гормоны мен әйелге тән эстроген гормонының графикалық формуласын салыстырар болсақ, айырмашылығы бір ғана сутек атомында және энергетикалық байланысында. Ердің де, әйелдің де ағзасында бұл гормондар қатар жүреді, айырмашылығы, әлбетте, қаншалықты деңгейде болуында. Ер адам ағзасында әр минут сайын 11 миллион молекула тестостерон бөлінеді, ал белгілі себептерге байланысты бұл молекулаға сутегі атомы қосылып кетсе, тестостерон эстрогенге айналады. Ер адамның әйелге тән (деп саналатын) мінез көрсетуі осыған байланысты екен.
Он жасқа жеткенше ұл бала мен қыз бала бір-бірінен тек анатомиялық тұрғыда жынысы бойынша ғана ажыратылады. Жасөспірім шаққа жеткенде, 11-12 жасқа жеткенде ұл балада тестостерон гормоны дереу көбейеді де, ерге тән қасиеттер айқындала бастайды: түрі, денесі өзгеріп, түктер шығып, дауысы жуандайды, сүйек, бұлшықет, май тіндері де өзгеріске ұшырайды. Тестостерон қалыпты мөлшерде болса, май қабаттарын да бақылауда ұстайды, сондықтан дені сау ер азамат артық салмақ қосуға бейім болмайды. Бала 16-18 жасқа келгенде тестостерон ерге тән мінез қалыптастырады.
Тестостерон деңгейі төмендеуіне не әсер етеді?
Стерсс. Өтелмеген несиеден бастап кез келген қаржылық мәселе, жалпы ер адам психологиясына ауыртпалық түсіретін жағдайдың барлығы тестостерон деңгейін күрт төмендетеді.
Ішімдік. Рас, алғашқы 5 минутта ішімдік тестостеронды көбейтеді, ал 25 минуттан кейін қалпына түседі де, ары қарай төмендей береді. Үш ай тоқтамай ішімдікке салынған немесе тез арада 20 кг салмақ қосқан адамда тестостерон мүлде бөлінбейтіні дәлелденген.
Тамақ. Әсіресе тәттіге құмарлық ер адам үшін қауіпті. Қанда глюкоза деңгейі көп болса, тестостерон бөлінуі қысқарады. Фастфуд пен сүрленген (копчености) тағамдарды ас мәзірінен шығарып тастау қажет.
Ауру-сырқау. Бастағы және сүйектегі жарақат, бактерия, вирус, басқа да ауру түрлері тестостерон деңгейі күрт төмендеуіне себеп болады.
Дәрі-дәрмек. Ойық жараға қарсы немесе құрамында атропин заты бар дәрілер тестостеронның жауы екені дәлелденген.
Қан қысымы, жүрек жұмысы. Жүрек соғысы 80-нен аз болса, тестостерон деңгейі де азаяды. Сондықтан жүрекке салмақ салмаңыз.
Бүйрек жұмысы бұзылуы. Дені сау ер адам күніне 1 литр не одан да аз зәр шығаратын болса, тестостерон 15%-ға азаяды. Дене салмағының 1 килограмына 30 мл су ішіп, тәулігіне 2 литрден астам зәр шығаруы қажет.
Тестостерон деңгейі қалай анықталады?
Таңертең аш қарынға қан тапсыру қажет. Осы уақытта тестостерон максимал деңгейге көтеріледі. Оны тек уролог дәрігер тексере алады, себебі кейде ағзадаға тестостерон белсенді күйде болмауы ықтимал. Сараптама жасататын адам кемінде 12 сағат бұрын ішімдік ішпеген болуы маңызды.
Тестостеронның қалыпты деңгейі – 12-35 нмоль/литр. Ол 25-30 жасқа келгенде ең көп деңгейге жетеді. Ал 30 жастан ары қарай жыл сайын 1-2% кеми береді.
Егер адам 25 жасында тестостерон деңгейі 35 нмоль-литрге тең болса, онда еш әуреленбей-ақ гормон деңгейін өмір бойы бірқалыпты ұстауға болады. Ал егер осы жаста 12 нмоль-литрден аз болса, үнемі салауатты өмір салтын қадағалауға тура келеді.
Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, ер адам жұбайымен ренжісіп қалған кезде өзінде еш кінә жоқ екенін сезінсе, тестостерон деңгейі 35 пайызға көбейеді, ал татуласқаннан кейін 45 пайызға дейін артады екен. Ал көлік сатып алса не оның қосалқы бөлшектерін ауыстырса, ең жоғары деңгейге, 50-55 пайызға тестостероны көбейеді.
17 қараша 2020 ж. 1 337 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930