Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әйелмен сөз таластыруда ерлер неге жеңіліс табады?

Әйелмен сөз таластыруда ерлер неге жеңіліс табады?

Әйелдерге қалжың ретінде болса да «атақты өсекшілер» деген лақап ат қояды. Оларға нан берсең де, сөз беру керек. Әйел адам күніне 20 мыңнан астам сөз айтады екен. Ал бұл көрсеткіш ер адамдарда 7 мыңнан аспайды.

Ми дамуының ерекшелігі
Қыз бала құрсақта жатқанда эмбрион кезінде-ақ миы жетіле бастайды. Ми жартышарының екеуінде де сөйлеу қабілеті дамып отырады. Ал ер адамдарда тек мидың сол жақ жартышары ғана сөйлеуге жауап береді. Ер балаға қарағанда қыз балалардың тілі тез шығады. Үш жасқа жеткенде-ақ қыз баланың сөздік қоры ер баладан 2-3 есеге артық болады. Нәзік жандылардың миында анатомиялық артықшылық болғандықтан олар бірнеше шаруаны қатар атқара алады. Мысалы тамақ жасап жатып сериал көре береді және басқаларға сөйлеп жүріп не көріп жатқанын түсініп, қабылдап отырады. Ал бұл ер адамдардың қолынан келмейді. Олар тоқтаусыз айтылып жатқан ақпаратты тек 45 минут тыңдауға ғана шыдамы жетеді.

Гормонға байланысты
Әйел адам ағзасында серотонин және окситоцин гормоны бар, оны түсінікті тілмен бақыт және қарым-қатынас гормон деуге болады. Қан құрамында осы заттар көбейген кезде қорқыныш сезімі сейіліп, сенімділік пен тыныштану күйі орнайды. Әйел адам бала тапқан кезде окситоцин гормоны көбейеді, сонда құштарлық сезімі оянады. Осы гормон жеткілікті түрде бөлінсе, нәзік жандылардың көңіл күйі орнықты болады, соның салдарынан кез келген адаммен қарым-қатынас жасауға даяр тұрады, көп сөйлеуі де содан.

Стресстен арылу
Ер адам мен әйел адамның сөзшеңдігі анатомиялық айырмашылыққа ғана емес, психологиялық жағдайына да байланысты. Әйел заты әр әңгімелесуден кейін жеңілдеп қалады, олар үшін келеңсіздікті шешудің, қиындықты жеңудің ең оңай жолы ішіндегі сырын ақтарып, біреуге айту.

Ал ер адамдар, керісінше, жаны күйзелсе, жалғыздықта қалып, өз-өзімен ішкі ойларын ретке келтіруді жөн санайды. Атам заманнан бері аңшылық, балықшылық секілді тыныштыққа құрылған істер де ер адамға тән болуы осыдан.
massaget.kz
11 ақпан 2020 ж. 1 235 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 73

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 78

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930