Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қателесуден қорықпайды

Бала қателесуден қорықпайды

TED – бұл ойы тәуелсіз адамдардың еркін идеяларын айтатын алаңы. Мұнда адамзат дамуы мен ойлауын өзгертуге арналған түрлі идеялар мен пікірлер айтылады. Аталмыш конференцияда сөз сөйлегендердің бірі, білім саласының халықаралық спикері әрі кеңесшісі профессор Кен Робинсон (Ken Robinson) TED сахнасын жақсы көретінін жиі айтады.
Өйткені профессордың пікірінше, бұл алаң адамдардың кез келген ойына, идеясына толеранттық танытатын әрі оның жарыққа шығып өзге де тұлғалардың еркін ойлауына әсер ететін, әлемге алуандық әкелетін орын деп санайды.
Биыл өмірден озған спикердің TED конференциясында сөйлеген сөздерінің бірін назарларыңызға ұсынамыз. Профессор бұл дәрісінде әлемдік білім беру жүйесінің балалардың шығармашылық қабілеті мен еркін ойлау қырын жойып жатқанын, бүлдіршіннің өмірінде маңызды нәрселердің бірі өнер мен талант екенін айтады. Білім беру жүйесі баланың көркем ойлауы мен шығармашылық қабілетін, сыни пікір білдіру дағдысын қалыптастыру шарт деп түсінеді. 

***
Болашақтың қалай болатынын ешкім білмейді. Бес жылдан кейін қандай өмір болары да беймәлім. Бірақ бір нәрсе айқын: білім – адамзаттың болашағы. Адамзат біліммен бірге болашақтың кілтін аша алуға тиіс.
Ал адамның болашағы – бұл бала. Балаға салынған инвестиция мен білім әйтеуір бір жерден жарып шығары анық. Ал балаға берілген білімнің мақсаты – оны болашаққа дайындау.
Бірақ біздің қазіргі бүкіләлемдік білім беру жүйесін балаларды болашақ өмірге дайындайтын орта деп айту қиын. Өйткені біз балаларды белгілі бір шеңбердің ішінде ғана тәрбиелеп, мемлекеттік білім беру жүйесі бұйырған, бекіткен жолымен жүріп келеміз.
Әлемнің біршама елінде болдым. Алғашында "әр елдің заңы басқа, иті қара қасқа" демекші, білім беру жүйесі әр елде әртүрлі деп ойлаған едім. Бірақ олай болмай шықты. Бәрі бір ізбен, бір соқпақпен келе жатыр.
Кез келген білім жүйесінде математика, физика сынды жаралыстану, одан кейін гуманитарлық пәндерге мән беретіні белгілі. Ал өнерге, басқа да қабілеттерге мән берілмейді. Өнердің өзінің иерархиясы бар. Мәселен, музыка мен бейнелеу өнері ең басында тұрады, одан кейін театр өнері, би... дегендей кете береді.
Менің ойымша, білім беру жүйесінде жаратылыстану пәндерімен бірге өнер түрлері де бір деңгейде оқытылуы керек. Білім беру жүйесі баланың сауатын ғана емес, өнерге деген құлшынысын да аша білуі, оны дамыта алуы шарт. Өйткені өнер баланың еркін ойлауына, жаңа дүниелердің тудыруына себеп болады. Суретші Пикассо "баланың бәрі суретші боп туады, бірақ өскенде суретші боп қала ма, жоқ па – мәселе сонда" дегені бар. Яғни, талант кез келген балада бар. Ал оны аша алу – мұғалім мен ұстаздың, білім беру жүйесінің міндеті.
Бала табиғатынан тәуекелшіл келеді. Қорқу дегенді білмейді. Яғни, қателуден қорықпайды. Өнердің де, білімнің де жетістігіне жетудің жолы – ол қателесу және содан сабақ алу. Адам қателеспей ештеңе үйренбейді. Ал біз баланың қателесуіне шектеу қоямыз, "қателеспе!" деп бұйырамыз. Уақыт өте келе адам қателеспеу деген шеңбердің ішіне түсіп, тәуелсіздігінен айырылады, қатесуден қорқады. Компаниялар да жұмыскерінің қателескенін кешірмейді. Мемлекеттік білім беру жүйесі де қателесуді жек көреді. Бұл, меніңше, дұрыс емес. Өйткені бұлай кете берсе, адам шығармашылыққа деген қабілетінен айырылады.
Мәселен, Шекспир де бала болған. Оған да ұстаздар ағылшын тілін үйреткен. Соның арқасында ағылшын тілінің атасы өзінің осы өмірдегі орнын тауып, қабілетін шыңдады.
Қазіргі ғаламдық білім беру жүйесі ХІХ ғасырдан бері өзгерген емес. Ал ол кездің білім беру бағыты индустриалды қоғамның жұмыс күшін қанағаттандыруға құрылған еді. Бұл, меніңше, таптаурын дүние.  
ХХІ ғасырдың да білімі екі бағытқа құрылған: бірі – жұмыс табуға көмектесетін пәндерді оқытуға, екіншісі – адамның зияткерлік қуатын арттыруға. Біріншісі баланың таңдауына шектеу қояды, өзі ұнатқан пәнді оқуына, қалаған мамандығын таңдауына кедергі келтіреді. Ал екіншісі сауатты, бірақ іске қабілетсіз адамдардың көбеюіне әсер етеді. ЮНЕСКО-ның болжамына сенсек, 30 жылдан кейін жер бетінде университет бітірмеген адам қалмайды. Ал бұл білімнің инфляцияға ұшырауына себеп болады. Тіпті қазірдің өзінде байқалып жатыр. Мәселен, әрбір екінші түлектің дипломы қазір сандығында жатыр.
Ал бұдан құтылудың жолы – балаларымызды қазірден бастап еркін ойлауға үйретіп, шығармашылық қуатын арттыру. Сонда болашақ адамзат балалары түрлі бағытта жетіліп шығып, жер бетін дамытатын болады.
massaget.kz
16 қазан 2020 ж. 382 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930