Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір ғасырда келетін ауру: Сәйкестік пе?

Бір ғасырда келетін ауру: Сәйкестік пе?

2020 жылдың аяқталар сәті де таяды. Бірер айдан соң жаңа жылға аяқ басқалы тұрмыз. Шындығында сіз үшін биылғы жыл несімен есте қалды?
Осы жылдан алған әсерімізбен, жадымыздағы естеліктерді сөз еткенде әуелі пендені уайымға салып, жүрегіне қорқыныш ұялатқан «Covid 19» ойға оралары сөзсіз. Әлем жұртшылығын ғана емес, біздің елді де үлкен әуре-сарсаңға салғанын сіз де білесіз.
Індеттің таралуы күн санап өршіп, ауруханаға жиырма төрт сағат бойы түсіп жатқан науқас адамдардың саны артып, дәріхана алдындағы кезекте тұрғандардан көз сүрінді. Вирустың салдарынан дәм мен иіс сезбейтіндер де ел ішінде жүрді. Күн сайынғы пневмония кесірінен көз жұмғандарды естіп, мезі болдық. Аты жаман індеттің көптеген жанды келместің кемесіне сәт сайын мінгестіріп жатқанын естіген көпшілік күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды.
Осыдан соң әлеуметтік желіде ауруға қатысты түрлі пікір айтыла бастады. Көпшілік оның 100 жылда жер бетіне бір келетін індет екенін айтып, сәйкестікті сөз етті. Зерттеушілер «Жер бетіндегі адамзаттың саны қалыпты мөлшерден асып кеткен жағдайда оның саны табиғи жолмен реттеледі» деген пікірге тоқталды. Мұны кездейсоқтық деп айтуға болады әрине. Бірақ алаңдататыны хронологиялық дәлдік. Мұның рас екеніне көз жеткізу үшін біз де қол қусырып қарап отыра алмадық. Зерттеу жүргізіп, 100 жылда бір келетін аурулардың тізімін шолып шықтық.
Атап айтсақ, 1720 жылы «Марсель обасы», 1820 жылы тырысқақ, 1920 жылы «Испан тұмауы». Енді араға тұп-тура жүз жыл салып «Covid 19» келіп отыр. Расында бұл сәйкестік пе, әлде қандай да бір заңдылық бар ма?
Көптеген ғалымдар биылғы коронавирустық індет өткен ғасырлардағы оқиғаларға ұқсайтынын айтады. Мәселен, 1720 жылы жаһан жұртшылығы Марсель обасынан жапа шекті. Бүкіл батыс Еуропа мен Солтүстік Африка арасындағы сауда-саттық Францияның портты қаласы Марсель арқылы жүзеге асатын болған. Сол жылы Кипрден ішінде алты мәйіті бар сауда кемесі кәрі құрлыққа жұқпалы вирус әкеледі. Індет әуелі порттағы қызметкерлерді қырып, сосын халыққа жаппай жұға бастады. Билік сауда тоқтамасын деген оймен, обаны жасырмақ болған. Алайда бірнеше айдан соң Франция көшелерінде мыңдаған мәйіт шіріп жатты. Бір қаланың өзінде 60 мың адам өліп, дерт бүкіл мемлекетті шарпыды.
Ал 1820 жылы тура жүз жылдан кейін Азия жұртына жұт келеді. Бұған дейін әр жерде бір бой көрсеткен тырысқақ ауруы Үндістанды түгел жайлап, төрт жылда 900 мың тұрғынды опат қылды. Басты себеп – айларға созылған аптап пен өзендердің шамадан тыс ластануы. Екі ғасыр өтсе де, адамзат холераны әлі жеңе алмай келеді.
1920 жылы арада тағы жүз жыл өтті. Нәубеттің назары тағы да Еуропаға түсті. Адамзат тарихындағы ең «жауыз» эпидемия ­Испанияда басталған еді. Осы елдің атымен аталатын тұмау жер бетіндегі 550 миллион адамға жұғып, 100 миллионға жуығын жер жастандырды. Бұл бәлекет адам атаулыны едәуір азайтып қана қоймай, болашаққа балта шапты. Өйткені қаза болғандардың барлығы нағыз демографияға үлес қосатын 20 мен 40 жас аралығындағылар болған.
Байқасаңыз, тура бір ғасырдан кейін тұмау типтес бәлекет басына тәж киіп тағы келді. Ол үш айдың ішінде 300 мың адамға жұғып, 180 елде 13 мыңға жуық науқас жан тапсырды. Осы сәтте «бұл шынымен цикл ма, пандемия 100 жыл сайын тұрақты түрде қайталанып отыра ма?» деген сауал туындайды. Нумерологтардың айтуынша, бұл жылдарды қосып, орта есеппен сандарды қарайтын болса ешқандай сәйкестік жоқ екен. Демек бұл әр жүз жыл сайын жаһан жұртшылығы жаман хабар естіп, жаппай қырылып отырады дегенге саяды.
Қайта оралып отыратын ауруларды тізбектеп, зерттеп шыққан соң әлеуметтік желідегі Ванга әжейдің болжамына көз түсті. Қарап шықтым. Рас-өтіріксіз ол мұның барлығын бұрын болжаған екен. Бір сөзінде «Айна жылында жер бетін ауру жайлап, әлемге әжептәуір қауіп келеді» депті.
Айтпақшы, Симпсондар туралы мультфильмді көрдіңіз бе? 1993 жылы шыққан бөлімде Азиядан әлемге таралатын ауру туралы түсірілген. Бұл көріпкелдік пе, әлде басқа ма? Дәл осы мультсериал Дональд Трамптың президент болатынын да, Германияның футболдан әлем чемпионатынын жеңетінін де дөп басып көрсеткен. Ал Мөңке бидің болжамынша, дәл қазіргінің көрінісі бейнеленген. Сенбейін десең «Қазақ сәуегейлік қоғамынан алыс емес қой» деп қоясың. Оған қоса ертеден хандардың жанында көріпкелдер отырғаны тағы бар.
Биыл індет ең алғаш жайыла бастаған сәтте ел ішінде «Мұның барлығы билік басындағылардың қолдан ұйымдастарып отырғаны» деген алып-қашпа әңгіме өрбіп кетті. Дегенмен мұнымен келісе кету екіталай. Өйткені жоғарыда біз көрсеткен сәйкестіктер оны жоққа шығарады. Мұнан бөлек көпшілікті «Пандемияның екінші толқыны қайтып келе ме?» деген сұрақ мазалап жүр. Оның үстіне Денсаулық сақтау министрі Алейсей Цой індет күз айларында қайта өршуі мүмкін екенін және сақтық шараларын естен шығармау туралы сөз еткен болатын.
Айта кету керек індет өршіп тұрған тұста сақтануды елемей күні-түні кезіп жүрдік. Бүгінгі күні барлығы артта қалғандай көрінгенде кешегі дәріхана жағалап, кезекте тұрған күндерді санадан сылып тастадық. Бүгінде бетперде тағу өз алдына, дезинфекциялау жұмыстары жалғасын таппай қалды. Уақытша дүрбелең тоқтады дегенімізбен, бұл аты жаман індет түбегейлі тыйылды деген сөз емес. Кенет вирустың келесі толқыны жағадан алар болса, қайтадан тығырыққа тірелетініміз даусыз. Сондықтан сақтық шараларын қатаң түрде ескеріп, бұған атүсті қарамау қажет. Індет қай уақытта келсе де, бастысы – басымыздың амандығы.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
29 қыркүйек 2020 ж. 652 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930