Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшақ жайлы сізді толғандырған 8 сұрақтың жауабы

Ұшақ жайлы сізді толғандырған 8 сұрақтың жауабы

1. Ұшақ терезелері неліктен дөңгелек?
1950-жылдардың басында de Havilland компаниясы «Комета» деген ұшақ жасап шығарды. Бұл ұшақ авиацияның кереметі деп есептелді. Алайда бір жылдан кейін оның әуеде тас талқаны шықты. Бірнеше айдан кейін басқа екі ұшақпен де дәл осындай жағдай қайталанды.
Инженерлер ұшақтың әр бұрандасын тексеруден өткізіп, мәселенің неде екенін тапты. Апаттың себебі ұшақтың терезелерінде екен. Олар шаршы пішінді болатын. Терезе бұрыштарына үлкен күш түсіп, ол ұшу кезінде тіпті артып кететін болған. Инженерлер терезе бұрыштарын доғал жасап, мәселені шешіп берді. Осының арқасында ұшақпен ұшу қауіпсіздеу бола бастады.
2. Қанаттардың ұшы неліктен жоғары қарай қайырылған?
Ұшу кезінде ұшақтың төменгі жағындағы қысым жоғарғы жағындағы қысымға қарағанда жоғары болады. Сондықтан ауа тепе-теңдікке ұмтылып, жоғары қысымды аймақтан төменгі қысымды аймаққа ауысуға тырысады. Ал мұны ұшақтың қанаттары арқылы жасау оңай. Бірақ қанаттардың ұшына жеткен кезде ауа ағыны үзіліп кетеді де, күшті турбуленттілік пайда болады.
Сол кезде ғалымдар ауа ағыны үзіліп қалмас үшін, ұшақ қанаттарының ұшын жоғары қаратты. Бұл турбуленттілікті азайтып, қанаттардың пайдалану мерзімін ұзартып, біраз жанармайды үнемдеді. Яғни, осы ерекшеліктің арқасында біз ұшу кезінде селкілдемейміз.
3. Ұшақтардың тұмсықтары неліктен әртүрлі пішінде болады?
Әскери жойғыш ұшақтың тұмсығы үшкір болады. Тұмсығы неғұрлым үшкір болған сайын, ұшақ соғұрлым жылдам ұшады. Бірақ ұзын тұмсық ұшу жолағын көруде кедергі келтіреді. Сондықтан, жолаушылар ұшағының тұмсық бөлігі доғал болып келеді.
Бірақ британдық инженерлер бұл мәселені шешіп, 1969-жылы тұмсығы көлбеулігін өзгерте алатын ең жылдам жолаушылар ұшағын жасап шығарды. Жоғары көтерілгенде және қону кезінде ұшақ тұмсығы төмен еңкейеді де, ұшу кезінде тік қалыпқа келеді.
Мұндай ерекше дизайн бір ғана себепті жасалды: осылай ғана ұшу және қону кезінде ұшқыштар ұшу жолағын анық көре алады.
4. Ұшақтар неліктен ақ түсті?
Көптеген ұшақтардың түстері ақ болады. Бұлай болуы жайдан жай емес. Оның бірнеше себебі бар:
- Жылуды шағылыстыру. Егер ұшақты ақ түспен бояса, ол жылуды аз сіңіреді. Бұл жолаушылар үшін жайлы және авиакомпания үшін үнемді.
- Ақ түс арзандау. Ұшақты ақ түспен бояу басқа түстермен бояуға қарағанда арзан түседі.
- Құстармен соқтығысып қалудың алдын алу. Құстар ақ беттен шағылысқан бейнені жақсы көреді. Сондықтан ұшақпен соқтығыспайды.
- Ақ түсте сызаттар мен майысқан жерлер тез байқалады. Апат кезінде ақ түсті бөлшектер тез табылады және корпустағы ақау оңай байқалады.
5.Жолаушылар неліктен сол жақтан кіреді?
Бәрінің емес, бірақ көп ұшақ үлгілерінің негізгі жолаушылар есігі сол жақта орналасқан. Оның не үшін бұлай орналасу себебінің 3 нұсқасы бар.
1 нұсқа. Оң жақтан жүктерді тиейді(жүк люктері оң жақта орналасқан), сондықтан жолаушыларды оң жақтан отырғызу қауіпсіз емес.
2 нұсқа. Ұшақтарды кемелерден көшіріп жасаған деген пікір бар. Жолаушылар кемеге сол жақ борттағы басқышпен отырған.
3 нұсқа. Бұрын командир үнемі сол жаққа отырған. Жолаушылар есігінің де сол жақта орналасуы оның бәрін көруін оңайластырып және ұшақты жолаушылар аймағына абайлап жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Неліктен кейбір ұшақтардың пішіні біртүрлі?
Көрінбес деп аталатын ұшақ жайлы естіген боларсыз. Ол бір ғана себепті осындай пішінде жасалған: ол біртұтас нысан сияқты ұшады. Осының арқасында ол көп мөлшердегі жүкті жылдам тасымалдап, жанармайды аз шығындайды.
Ұшақтардың құрылымы құстардан алынған. Жыртқыш құстар ұшу қашықтығын арттыру үшін және көзге түспеу үшін дәл осындай қалыпта ұшады.
Алайда ұшақты мұндай пішінде жасау қымбатқа түседі. Сондықтан оны азаматтық авиацияда пайдаланбайды.
7. Ұшақтың іші неліктен кең көрінеді?
Ұшақтардың дизайнында оны үлкен және кең көрсету үшін психологиялық қулықтар қолданылады. Мысалы, қабырғаларды жарықты жақсы шағылыстыру үшін ерекше бедерлермен жасаған. Ал төбе мен жүкке арналған бөліктің арасындағы көмескі жарық төбені биік көрсетеді. Осындай қулықтардың арқасында клаустрофобиясы бар адамдар ұшудан қорықпайды.
8. Ұшақтарда күл салғыштар не үшін керек?
Ұшақта темекі тартуға болмайтынын бәрі біледі. Бірақ жаңа үлгілердің өзінде дәретхана кабиналарын күл салғышпен жабдықтаған. Өйткен тиым салынғанына қарамастан, кейбір ұзақ уақытқа созылған сапарларда темекіқұмарлар бәрібір темекі тартпай тұра алмайды.
Сондықтан авиакомпаниялар сондай жолаушылар темекі тұқылын ұшақ еденіне немесе унитазға тастамас үшін кабиналардағы күл салғыштарды қалдырды.
Бонус: ұшақтарда неліктен тұратын орындар жоқ?
Жоқ, жақын арада ол да болады. Жақында өткен Aircraft Interiors Expo көрмесінде итальялық компания ультралоукостерлерге (бюджеттік авиакомпаниялар) арналған кресло үлгісін таныстырды. Мұндай креслоларда тұрып ұшуға болады, ал билет құны 50 % арзан.
Бұл жайсыз сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ егер 2 сағаттан аз уақыт ұшатын болсаңыз және артық ақша шығарғыңыз келмесе, тұратын орындармен ұшудың еш қиындығы жоқ.
bilim-all.kz
24 қыркүйек 2020 ж. 1 624 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031