Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парацетамолдың қандай қатері бар

Парацетамолдың қандай қатері бар

Халық арасында парацетамол деген атпен танымал ацетаминофен дәрілік өнімі АҚШ аумағында кеңінен тараған 600 дәрінің бірі (тауарлық атауы: Тайленол және Панадол). Аталған ел тұрғындарының 25 %-дан астамы парацетамолды күн сайын қабылдайды. Аталған дәріге деген сұраныс та, оған деген тәуелділік те жоғары.

Огайо штаты университетінің ғалымдары бұл дәрінің адамның іс-әрекетіне қалай әсер ететінін зерделеп көрген екен. Парацетамолдың ауруды басатын әсері науқастың жанына батқан дерттің өткірлігін сездірмеуге, мазасыздықтан арылуына көмектесуге негізделгендіктен адам организімі қатерден қауіптену рефлексінен айырылады.
Парацетамолдың басты қатері де осында – пациент аталған дәрінің әсерімен тікелей қауіп төніп тұрса да лайықты жауап қатудан қалады. Мұның арты зардабы ауыр салдарға ұрындыруы мүмкін.
Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осы гипотезаның қаншалықты рас екеніне көз жеткізу үшін 500 студентті екі топқа бөліп, тәжірибе жүргізіп көреді. Студенттердің жартысына бір тәулікте барынша рұқсат етілген мөлшерде – 1000 мг парацетамол, ал қалған жартысына плацебо береді. Сынақ кезінде студенттерге компьютерде тест ойынын ойнауға тапсырма беріледі: ұпай жинау үшін шарды жарып алмай абайлап жылжытуы тиіс. Аталған дәріні қабылдағандар ұпай жинаудың соңына түсіп шарды шектен тыс қозғап, сақтықты ұмытады.
Ал парацетамолды қабылдамағандар қатерден қашып, шарды жарып алмауды ойлайды. Бұған қосымша тексеру ретінде парацетамолды қабылдаған студенттерден психологтер сұхбат жүргізіп, бейнелеп айтқанда, олардың биіктен секіру алдында болатын табиғи үрейді жоғалтып алған күйде екенін анықтаған. Тереңге сүңгу секілді экстремалды әрекеттерге бейім тұратынын байқаған. Өз күштерін байқап көру үшін емес, реалды өмірге сыни көзбен қарау, қатерді бағалау қабілетінен айырылып қалған.
12 қыркүйек 2020 ж. 705 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930