Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін

Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін

Америкалық маман жақында Қытайда CODID-19 эпидемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл жарияланған карантинді алып тастағаннан кейін болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости жазуынша, Қытайдағы ахуалды АҚШ-тың танымал дәрігер-инфекционисті Энтони Фаучи сараптаған.
Дәрігердің сөзінше, Қытайда эпидемияның екінші толқыны басталуы мүмкін. Маманның айтуынша, бұл барлық шектеулер алынып, адамдар қалыпты өмірлеріне қайта бастаған кезде болмақ. Фаучи бұл жағдай болмайды деген үмітте екенін, алайда мұны жоққа шығаруға болмайтынын айтты.
Одан бөлек, ол АҚШ аумағындағы эпидемия жайлы да сөз қозғаған. Ғалымның сөзінше, вирустың таралуы бір-екі айдың ішінде тоқтауы мүмкін. Бұл тұрғындарды қорғау үшін биліктің қандай шешім қабылдайтынына байланысты.
Фаучидің айтуынша, АҚШ-тағы індет динамикасы Қытай немесе Оңтүстік Кореямен ұқсас болады.
Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз адамға жетті. Оның жетеуі Алматыда, екеуі астанада. Сондай-ақ вирус жұқтырғандар арасында он екі жастағы жасөспірім бар.
16 наурыз 2020 ж. 865 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 58

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 84

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031