Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Протеин ұнтағы жайлы не білеміз?

Протеин ұнтағы жайлы не білеміз?

Протеин ұнтағы адамзат үшін жаңа өнім емес. Мысалы, ірімшік қайнатушылар оны 8000 жыл бұрын қолдана бастаса, қазір ол спорттық және диеталық тамақтанудың негізгі құрауышына айналды. Бірақ ол туралы сұрақтар өте көп. Ол қарапайым тамақты қаншалықты ауыстыра алады? Оны қанша ішу керек? Оны барлық адамға ішуге бола ма? Сұрақтардың көп болуы, әдетте, адамдар арасында ол өнім туралы аңыздардың пайда болуына себеп болады. Назарларыңызға протеин ұнтағы жайлы қажетті ақпарат ұсынамыз.

Протеин ұнтағын ішерде оны қандай мақсатта қолданатыныңызды анықтап алыңыз:

- Бұлшықет массасын өсіру үшін ішу. Егер бұлшықеттеріңізді өсіру үшін жаттығу залына барып жүрсеңіз, протеин ұнтағын ішу артық етпейді. Бірақ бұл қоспа құрамында ақуызы бар азық-түлікті ауыстырмауы керек.
- Арықтау үшін ішу. Протеин ұнтағы тез тойдырады және ұзаққа дейін қарынды аштырмайды. Сондықтан ол артық тамақ ішумен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ ол уақытылы жаттығу кезінде бұлшықет массасын ұстап тұруға қажет.
- Тағамдық қосымша ретінде ішу. Мысалы, вегетариандар ақуыздың жеткілікті мөлшерін алу үшін протеин ұнтағын ішеді. Сондай-ақ рационыңызда өсімдік өнімдері көбірек болса, протеин ұнтағын тағамдық қосымша ретінде ішудің денсаулыққа зияны болмайды.

Протеин ұнтағы әйел сымбаттылығының жауы емес

Протеин ұнтағы – ақуызы көп құрғақ зат. Өнімнен таза ақуыз алу мүмкін емес, сондықтан кез келген протеин ұнтағында қоспалардың аз болсын үлесі кездеседі. Бірақ қоспаларға қарамастан протеин ұнтағы бұлшықет массасының артуына ықпал етеді. Оны жаттығу кезінде ішіп жүрсеңіз, нәтижені бірден байқайсыз. Сондықтан көпшілік әйел оны ішсе, дене пішінінің сымбаттылығын жоғалтып, бодибилдингпен айналысатын адамның денесіндей болып кетеді деп ойлайды. Алайда олай емес, протеин ұнтағымен тамақтану дене пішініне ақуызға бай басқа да тамақтану түрі секілді әсер етеді.

Бұлшықеттерді протеин ұнтағынсыз да өсіруге болады

Бұлшықеттердің өсу не өспеуіне тамақтанудан басқа түрлі факторлар әсер етеді. Негізі бұлшықет массасын үйлестірілген рационмен арттырады. Мұндай рационның негізін ақ ет пен майсыз сүзбе құрауы тиіс. Ал протеин ұнтағына бұлшықеттің өсуіне қажетті заттарды жеткілікті мөлшерде қолданып жүргеніңізге көз жеткізуге арналған ыңғайлы әдіс деп қана қарау керек.

Протеин ұнтағын қанша ішу керек?

Дененің 1 килограмм салмағына 0,8 грамм протеин ұнтағын ішу ұсынылады. Мысалы, салмағыңыз 60 килограмм болса, күніне 48 грамм протеин ұнтағын ішесіз. Егер мақсатыңыз денедегі май деңгейін азайтып, бұлшықет массасын өсіру болса, 1 килограмм дене салмағына 1,6-2,5 грамм протеин ұнтағын ішуге болады. Протеин ұнтағының мөлшерін әдеттегіден арттырсаңыз, сәйкесінше, су ішуді де көбейтуіңіз керек.

Қарсы көрсетілім: Бүйрек проблемасы бар адамдарға протеин ұнтағын ішуге болмайды. Сондай-ақ протеин мөлшерін өздігінше арттыруға немесе жоғарыда айтылған мөлшерден асыруға тыйым салынады. Себебі оның артық болуы бүйрек ауруларының және артық салмақтың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
12 ақпан 2020 ж. 1 069 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031