Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 миллион халқы бар Бейжің көшелері қаңырап тұр

25 миллион халқы бар Бейжің көшелері қаңырап тұр

Коронавирус Қытай астанасының күнделікті өміріне көп өзгеріс әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қауіпті індет елді жайлағаннан бері 25 миллиондық шаһар көшелері қаңырап қалған. Шетелдіктер мұндай көріністі ешқашан көрмегенін айтады. Тіпті әдетте адамға толы метролардан да жолаушыларды сирек кездестіресіз. Себебі Ухань қаласынан лезде тараған қауіпті дерттен Бейжің тұрғындары көшеге шығудан қорқып қалған.
Фенг Юминг, студент:
– Коронавирус қатты алаңдатады. Алайда үрейімізді ұшырған жоқ. Себебі атқарылып жатқан іс-қимылдар дерттің таралуын тежеп, індетке тосқауыл қояды деп сенемін. Мысалы, мына көлік тұрағына кіру үшін дене қызуын тексеріп барып бірақ өткізеді.
Ал соңғы мәліметке қарағанда Бейжіңде коронавирусты жұқтырғандардың саны 274-ке жеткен. Оншақты адам дерттен айығып шықты. Індетті жұқтыру оқиғалары көбіне шаһардың Хайдянь мен Чаоян ауданында тіркелген. Қалада ауруға қарсы тексеру шаралары күшейтілген.
24.kz
08 ақпан 2020 ж. 754 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 45

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 48

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031