Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тажалға айналған тәжвирус

Тажалға айналған тәжвирус

Қытай Халық Республикасында пайда болған коронавирус қолға алынған кешенді шараларға қарамастан таралу аумағын кеңейтіп келеді. Сол себепті Америка құрама штаттары, Франция және Ресей елдері өз азаматтарын Ухань қаласынан алып кетуге дайындалып жатыр. Бұл аспан асты елінің субтропикалық аймақта орын тепкен, халқы тығыз орналасқан қаласының бірі. Мұндағы туристің көптігі көз тартатын Янцзы өзенімен байланысты. Қазіргі таңда қауіпті вирустың басқа аймаққа тарап кетпеуінің алдын алу мақсатында қала қоршалып, карантин жарияланған.

Аурулар саны артып келеді
Жаңа тәжвирустың пайда болуына контрабандалық балық пен теңіз тағамдары түрткі болды деген дерек бар. Ал бұрынырақ жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ауру таратушы жылан, борсық немесе тышқан болуы мүмкін.
Осы сәтте тез таралатын тәжвирусын жұқтырғандардың саны он мыңнан асты. Ауру анықталған 24 сағаттың ішінде 24 адам қаза тапқан. Ухань қаласындағы дәрігерлік клиникалар күніне 15 мыңнан астам тұрғынды қабылдап, тексеру, алдын алу шараларын үйлестіруде. Бүгінгі күні вирус ошағында қалған 56 миллион адамның әлеммен байланысы шектелді. Бұдан басқа қытайлық тағы 18 қаладағы барлық көлік қозғалысы тоқтатылып, ойын-сауық, сауда орындары жабылды. Ал ондаған науқас анықталған Тяньцзинь қаласына билік соғыс жағдайын енгізген. Дәрігерлер қала халқын бір ғана аураханаға жөнелтіп, ауруды асқындармауға күш салуда.
Өткен жексенбіден бері Қытай билігі Ухань қаласынан қашып шыққан адамдарға шетелге шығуға қатаң тиым салды. Алайда мұндай жағдайда денесін үрей билеген халықтың заңға құлақ асуы оңай емес. Вирус ошағында орналасқан қаладан жеткен соңғы мәліметтерге сәйкес 5 миллионнан астам тұрғын қашып шыққан. Ел аумағындағы мектеп, балабақшалардың біразы жұмысын тоқтатып, қытайлық жаңа жылды тойлау кейінге қалдырылды.
ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комитеті инспекциялық бекеттердің санын арттырды. Олар тұмау белгілері байқалған туристердің барлығына кешенді тексеру жүргізуде. Өткен аптада Ухань қаласына келген Қытай Премьер-министрі Ли Кэцян тәжвирусын жұқтырғандар санының өсім алып келе жатқанын, сондай-ақ вирустың жаңа түрлері анықталғанын мәлімдеді.

Сұм-вирустың симптомдары
Денсаулық сақтау ұйымдары мәлімдегендей тәжвирус мутациялық өзгеріске түсетін, қақырық жинап, өкпе жұмысын нашарлату арқылы байқалатын ауру. Былайша айтқанда, қарапайым тұмаудың алғашқы белгілерін көрсетеді. Бірақ бауыр мен бүйрек жұмысының тоқтауына әкеліп соғатын қауқары бар. Адам организміне түскеннен кейін бір апта ішінде инкубациялық даму үстінде болады. Ол тек тыныс алу жолдарымен ғана емес, есік тұтқасы, ақша валютасы, адам қолы көп тиетін лифттің батырмасынан да жұғады. Вирус денесін дендеуші орташа есеппен екі-үш адамға таратады.
Тәжбирусқа таланған науқастардың 3 проценті ғана аурудың асқынған деңгейіне жеткен. Дәрігерлер ауыр жағдайдағылардың жартысының беті бері қарағанын айтады. Алайда бұның өзі жаһанға қауіп төндіруге қауқарлы. Оның үстіне ауру тасушылар саны күн санап көбейіп келеді. Вирусқа шалдыққан елдегі ахуал тіпті қиындаған жағдайда 140 миллион халықтың 2 миллионнан астамы қаза табуы мүмкін деген болжам айтылуда.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ғалымдар вирусты анықтайтын скрин-тест ойлап тапқан. Германиядан шығарыла бастаған құрылғы Париж пен Лион қалаларында қолданысқа енді. Бір аптаның ішінде әлемнің барлық елдеріне қолжетімді болмақ.
Жұқпалы ауруларға қарсы әлемдік қауымдастық өзінен вирус белгілері байқалған адамдардың көпшілік арасына қосылмауын сұрады. Ондай жандар өзін үйде оқшаулап, жедел-жәрдем көмегін күтуі тиіс.

Шетелге таралуын тоқтата алмады
Вирус ел төңірегіндегі өзге мемлекеттерге де таралуда. Ең алдымен Шри-Ланка мен Германияда ауру жұқтырғандар анықталды. Сонымен бірге сол аптаның бейсенбі күні Жапонияда Ухань қаласынан келген саяхатшы оқшауланғаны хабарланды. АҚШ-тың Верджиния, Колифорния, Техас штаттарында осындай 5 жағдай тіркелген. Франция елінде нақты вирус жұқтырған 3 азаматтың аты аталды. Бұлардың барлығы аспан асты елінен келген азаматтар екені мәлім. Көрші Ресейде жүздеген адам вирус жұқтырғандар ретінде тексерілгенімен, тәж ауруы анықталмады. Қазақстанда да солай. Қытай билігі ел аумағындағы азаматтарды шетелге шығармауға қауқарсыздық танытып отырғаны көптеген елдердің наразылығын тудырып отыр.
Эпидемияның қазіргі ахуалы Париж бен Рим мемлекетіндегі сақтық шараларының күшейуіне әкелді. Онда ұлты қытай азаматтар көп болғанына қарамастан, аспан асты елі тойлайтын жаңа жыл мерекесін ел аумағында тойлауға тиым салды. Ал Еуропадағы басқа мемлекеттер, жақында АҚШ жасағандай, биліктен Қытаймен әуе қатынасын уақытша тоқтатуды сұрады. Алайда бұндай қадамға баруды билік басындағылар жөн санамайды.

Коронавирустан қалай сақтану керек?
Вирус анықталғаннан кейін Қытайдағы дәріханалар мүмкіндігінше барлық бетпердені сатылымға шығарды. Үш күннің ішінде аспан асты елінің бір жылда тұтынатын медициналық мас­касы сатылып, сөрелер бос қалды. Өйткені дәрігерлер масканы 2 сағат сайын ауыстыруға кеңес берген болатын. Басқа елдермен бірге Қазақстанның тиісті министрлігі осыны ескеріп, медициналық маска қорының жасақталғанын хабарлады.
Адам организмінде аталған вирусқа қарсы тұра алатын имунитет жоқ. Бұл жайында париждік профессор Патрик Берж мәлімдеді. Оның айтуынша вирус адамнан адамға тыныс алу жолдары арқылы ғана жұғатын көрінеді. Сол себепті одан қорғану жолында адам тек өзіне өзі көмектесе алады. Ол үшін С витамині бар антиоксиданттар қабылдаған жөн. Бұл иммунитетті көтереді. Сондай-ақ ет, жұмыртқа, балық өнімдерінің балғындығы мен сенімділігіне көз жеткізбей тұрып қолданбау әркімнің есінде болуы тиіс. Бөлмені желдетіп, қолды сусабынмен жиі жуып тұрған артық болмайды. Ғалымдар індетке қарсы вакцина жасауға кірісіп кетті. Бірақ ол ағымдағы жылдың маусым айында ғана дайын болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
CNN ақпарат агенттігінің кешегі хабарламасына сәйкес вирусты жұқтырғандардың қатары 16600-ге жуықтаған. Өкініштісі, жан-жақты емдеу шаралары жүргізілгеніне қарамастан, соңғы бір тәуліктің ішінде 56 адам қаза тапқан. Жаңадан тағы 2103 адамға вирус тараған. Қытайдың денсаулық сақтау басқармасы 478 адамның ауыр халде жатқанын айтады.
Дайындаған
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

05 ақпан 2020 ж. 1 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930