Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдың 13-не сәйкес келетін жұма неге қауіпті?

Айдың 13-не сәйкес келетін жұма неге қауіпті?

13, жұма: Бұл күні қандай оқиғалар болған? 13 саны ежелгі заманнан-ақ, бақытсыз болып саналған. Өйткені, жұма, 13-і күні Адам тыйым салынған алманы жеп, мұның салдары адамзат үшін ауыр болған.
1307 жылы 13 қазанда, жұма күні Филипп IV француз патшасының бұйрығымен тамплиерлер орденінің тас-талқаны шығарылып, оның мүшелері өлім жазасына кесілген.

1907 жылы 13-желтоқсанда британиялық "Томас Лоусон" кемесі опат болған.

1972 жылы 13-қазанда Мәскеуде Ил-62 жолаушылар ұшағы жерге құлап, 174 адам қаза болған. Бұл әлемдегі ең үлкен әуе апаттарының бірі.

2012 жылы 13-қаңтарда ішінде 4200 адам болған Costa Concordia лайнері апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 40 адам қайтыс болған.

1988 жылы 13-мамырда Jerusalem компьютерлік вирусының эпидемиясы басталды.

13, жұма: Бұл күні не істеуге болмайды, қандай тыйымдар бар?

Бұл күнді дәрігерлер, әсіресе хирургтар аса ұнатпайды. Олар осы күні ота жасауды жоспарламайды.

Сондай-ақ, бұл күн бірқатар маңызды істер үшін сәтсіз деп есептеледі. Мәселен, қаржылық операциялар, саяхат, үйлену тойын бұл уақытқа жоспарламаған жөн.

Бұл күні:

- Қатты қажет болмаса алыс сапарға шығудың

- Жол апаты көп болатындықтан, рөлге отырудың

- Үй немесе бақша өсімдіктерін отырғызудың

- Тырнақ алып, шашыңызды бояудың

- Жаңа жұмыс іздеп немесе жұмыс берушімен әңгімелесудің

- Ауыр медициналық процедуралар жасаудың

- Үйлену тойын белгілеудің

- Маңызды келісімдер жасап, қарыз алып, қарыз берудің

- Жұмыстан шыққан сәтте артқа қараудың

- Алкогольді сусындары бар көңілді кеш ұйымдастырудың қажеті жоқ.

Ұлттық пайым бойынша 13-күні жұмаға түссе көңіл түсіп, жаман ойға жол бермейді. Қайта қазақтар тақ санын кие тұтып, бұл күнді ерекше қастерлейді. Жағымсыз энергиядан арылсаңыз күніңіз мерекелі де берекелі де болмақ.
oinet.kz
17 желтоқсан 2019 ж. 1 678 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930