Мандариндер дәрумендерге бай болып келеді, сондықтан ол бактерияларға қарсы әсер ететін функцияға ие. Алайда өндірушілердің мандаринді ұзақ сақтау үшін арнайы дәрілермен өңдеуі адам десаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Ресейлік мамандардың айтуынша, бұл жемістің түрлері витаминдерге, микро және макроэлементтерге, антиоксиданттар мен басқа да пайдалы минералдарға бай болып келеді, ал мұндай заттар зең мен бактериялардың көбеюінің алдын алып, қыста суық тиюден сақтайды. Оның құрамындағы бета-каротин жүрек жұмысын реттеуге ықпал ететін көрінеді.