Жалақы туралы қалай сөйлесу керек?

Жалақы туралы кім және қашан сұрауы тиіс
Жұмысқа қабылдаушы өзі айтпаса, жалақы туралы жақ ашпаңыз, ол міндетті түрде бұл тақырыпқа оралады, оған күмәніңіз болмасын. Бастысы асықпай-саспай, шыдамдылық танытып, аңдысын аңдыңыз.
Баға туралы
«Сіз қанша бере аласыз?» деген сұрақты ешқашан қоймаңыз. Бұл сіздің тарапыңыздан кеткен кемшілік боп есептеледі. Жұмыс беруші сізді саудаласқалы отыр деп ойлауы да мүмкін.
Жұмысыңызды бағалаңыз
Алдын ала сұхбаттасуға келер кезде гуглды ақтарып, сіздің деңгейіңіздегі мамандық қалай бағаланатынын, сіз секілді қызметкерлер орта есеппен қанша жалақы алатынын біліп алыңыз.
Таза ақы
Кей мекемелер жеке кәсіпкерлерге тиісті болса, олар үкіметке ешқандай салық төлемейтін, заңсыз жұмыс істейтін адамдар болуы да ғажап емес. Алдын ала бұл мәселенің де анық-қанығына көз жеткізіп алған артық болмайды. Барлық ұсақ-түйекті талқылаңыз Ұсынылған жалақы үшін қандай іс тындыра алатыныңызды, қандай мақсатқа жетуіңіз керек екенін ақылдасып алыңыз.
massaget.kz