Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай жаңғақтар денсаулыққа пайдалы?

Қандай жаңғақтар денсаулыққа пайдалы?

Мамандар денсаулыққа пайдалы жаңғақтарды 35 грамм мөлшерінде кем дегенде аптасына бір-екі рет жеуге кеңес береді.

Денсаулыққа пайдалы жаңғақтар қатарына кешью, орман жаңғағы, грек жаңғағы, сондай-ақ балқарағай жаңғағы мен бадам жатады. Олардың құрамында көп мөлшердегі калий, магний, кальций, фосфор, темір, селен, марганец, молибден, никель, кобальт, В1, В2, РП, Е дәрумендері мен май қышқылдары, оның ішінде омега-3 бар. Мамандардың айтуынша, жаңғақтар мен дәндерді бірге қолдану (құрамына екеуі де қосылған тағамдар) организмдегі амин қышқылдарының теңгерімсіздігін күшейтеді, сондықтан жаңғақтарды сүт өнімдерімен, ботқа немесе десерттермен бірге қолданған жөн. Бірақ жаңғақ ақуызында аминқышқылдарының жетіспеушілігіне қарамастан, ол жоғары калориялы өнім болып табылады.
Жаңғақтарды үнемі тұтынатын адамдарда қандағы холестерин концентрациясы төмендейді. Сонымен қатар жаңғақты диабетпен ауыратындардың диетасына енгізу ұсынылады. Кешью жаңғағы ақуыздар мен май қышқылдарының алмасуын белсенді етеді, холестеринді төмендетеді және иммундық жүйені нығайтады. Ал орман жаңғағы қатерлі ісіктің алдын алады. Дене жаттығуларын жасағаннан кейін тұтынған денсаулыққа пайдалы. Грек жаңғағы қандағы холестеринді төмендетеді және қан тамырларын нығайтуға көмектеседі. Балқарағай жаңғағының әйел адамдардың ағзасына пайдасы зор. Аналардың ағзасындағы сүт мөлшерін едәуір арттырады және дерматологиялық мәселелерден арылуға көмектеседі. Ал бадам жаңғағын керемет антидепрессант деуге болады, сондай-ақ артық салмақтан арылуға көмектеседі және ішек жұмысын жақсартады.

18 қазан 2019 ж. 2 407 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930