2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңғы асқа арналған тойымды салат

Таңғы асқа арналған тойымды салат

Жұмыртқа – ақуызға бай өнім. Оны таңғы асқа қуырып немесе суға пісіріп қана бермей, тойымды салат түрінде де дайындауға болады.
Қажетті азық-түліктер: – 6 жұмыртқа; – 1 үлкен пияз; – 1 ас қасық кілегей майы; – аскөк пен көк жуа; – дәміне қарай тұз бен қара бұрыш; – қуыруға аздап өсімдік майы.
Дайындау жолы:
1. Жұмыртқаны жуып, суы бар ыдысқа салып, отқа қоямыз. Жұмыртқа жарылып кетпес үшін аздап тұз салып жіберіңіз.
2. Пиязды қабығынан тазартып, оны ұсақтап тураңыз.
3. Табаны қыздырып, аздап өсімдік майы мен кілегей майын салыңыз. Май еріген кезде туралған пиязды салыңыз. Оны орташа отта қызарғанша қуырыңыз.
4. Жұмыртқа піскен кезде бірден суық судың астында ұстаңыз. Жұмыртқаны тазартып, орташа ыдысқа салыңыз. Содан соң оны шанышқымен езіңіз.
5. Аскөк пен көк жуаны ұсақтап тураңыз.
6. Езілген жұмыртқаға қуырылған пиязды, туралған аскөк пен көк жуаны салыңыз. Дәміне қарай тұзы мен қара бұрышын салып, жақсылап араластырыңыз. Дайын салатты нанға жағып беріңіз.
zhambylnews.kz
17 қазан 2019 ж. 1 852 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930