Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжіңде әйелдер тамақ жасамайды, үй жинамайды

Бейжіңде әйелдер тамақ жасамайды, үй жинамайды

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан Айжан Райымбекова қазақ қызы өзінің бақытты екенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат порталы «Евразия 1» арнасындағы «Бір сұрақ» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Күйеуім екеуміз бес жыл дос ретінде араластық. Кейіннен достығымыз үлкен махаббатқа ұласты. Ол біздің ұлтымыздың мәдениетін жақсы көреді. Өйткені күйеуім қазақ ортасында өскен. Сөйтіп студенттер болып онымен біз жақсы араластық. Тұрмысқа шыққанан кейін Қытайда тұрдық. Ол жақта ер мен әйел барлық міндеттерді бірге атқарады. Екеуі де үй жинайды, тамақ әзірлейді. Бірақ Бейжің қаласындағы әйелдер ғана тамақ жасамайды, үй жинамайды. Олар тек жұмыс істейді.

Ең басында тілдік, мәдениет айырмашылығын сезіндім. Уақыт өте келе мен қытай тілін меңгеріп, таза сөйлей бастадым. Әрине кейбір мәселелер орын алып тұрды. Бірақ қиын кедергілерге тап болмадық. Негізінен өзара сыйластығымыз бен махаббатымыз бәрінен жоғары. Күйеуімді ағам және әжелерім қатты сыйлайды. Өйткені ол ақылды, жүрегі кең адам. Біздің мәдениетімізді жақсы біледі. Үш жылдан бері ораза ұстап келеді», – дейді Бейжіннің келіні атанған Айжан.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың екі баласы бар. Олар қытай және орыс тілінде білім алып жатыр екен. Қытайда тұрғанымен, балалары Қазақстан азаматтығында дейді. Тіпті есімдерін қазақшалап Темірлан және Арсылан деп қойыпты.
oinet.kz
18 қыркүйек 2019 ж. 1 088 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031