Ләйлә намысы бар қазақтың бәрін сотқа беруі керек еді — Арман Сқабылұлы
Күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында, расымен де, сотқа жүгініп отырғанын жазды. Айтуынша, бұған өзге азаматтардың орынсыз ар-намысына, жеке басына қатысты сын айтуы себеп. Осы жағдайға қатысты Арман Сқабылұлы да пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жазбаны тележурналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің парақшасында бөлісті.
«Ләйлә Сұлтанқызы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен КВН-ші Нұрболхан Шараповты ғана сотқа бермей, намысы бар, ұятты ойлар, ұрпақ тәрбиесіне алаңдайтын қазақтардың барлығын сотқа беруі керек еді. «Өз ойымға» қазақ қызының пәктігін саудалауын шығаруына жоғарыда аталған екеу ғана емес, намысы бар қазақтың бәрі өре түрегеліп, қарсы болған жоқ па?» - деп сауал тастады Арман Сқабылұлы.
Әрі қарай «Ақжол» демократиялық партиясы орталық кеңесінің хатшысы мұның өте қауіпті құбылыс екеніне тоқталды.
«Енді келіп Бибігүл мен Нұрболханды «жалған ақпарат таратты» деген айыппен сотқа сүйреуде. Бұл – өте қауіпті құбылыс! Бүгін «Өз ойым», ертең «Қалаулым», сосын тағы бір бағдарлама жүргізушісі өзін сынағандарды сотқа жетектей бере ме?» - деп сауал тастады Арман Сқабылұлы.
Айта кетсек, Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде өзіне қатысты жалған мәліметтер тарап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер жазылғаны үшін журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен КВН-ші Нұрболхан Шарапов пен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.