Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҰЛТ жайлы әңгiме таусылып, БҰТ жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi"

"ҰЛТ жайлы әңгiме таусылып, БҰТ жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi"

Ләйлә Сұлтанқызына үлкен сын тағылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Өз ойым" бағдарламасы халықтың ашу-ызасын күн санап арттыруда.

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов желідегі парақшасында былай деп жазды:

"Құрметтi Ләйлә Сұлтанқызы! Мен сiзбен өз басым өте жақсы таныспын. Бiлiктi журналист ретiнде бағалаймын. Әйел бақытын ұғындырған тұлға ретiнде бiлемiн. "Қазақстан Республикасының Еңбек Сiңiрген Қайраткерi" деген атағыңызды да құрметтеймiн.

Соңғы күндерi оқырмандарымнан көп хаттар келдi. Қазақ қыздары ӨЗ ОЙЫМға келiп ойына келгенiн айтып, әркiмнiң қойнында жатқанын жария еткенi ҚАРА ҚАЗАҚтың ызасын тудырып жатыр. Жетпегенi осы едi! Сондай тексiздердi телеарнадан дәрiптейтiндей, арсызды тұлға ететiндей не күн туды?! ҰЛТ жайлы әңгiме таусылып, БҰТ жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Зиялы би-шешендердiң аузына емес, ұятсыз қыз-келiншектердiң аузына қарап қалдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi ғой. Қыздың арын қорғаймын деп, қызыл отқа оранған империялар болған. Сiздер қалай ғана қызармай, беттерiңiз бүлк етпей бетiмен кеткен қызды экранға шығардыңыздар?! Ендi осы iсiңiз Қазақстан Республикасының Еңбек Сiңiрген Қайраткерi деген атқа қаншалықты сай?
08 сәуір 2019 ж. 2 762 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30