Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйлену тойындағы оқыс оқиғадан кейін жігіт қалыңдығын ұмытып қалды

Үйлену тойындағы оқыс оқиғадан кейін жігіт қалыңдығын ұмытып қалды

Шотландияда ер адам үйлену тойынан кейін комаға түсті. Уэст-Лотиан облысының тұрғыны Крис Мэллон қонақүй қызметкеріне тойға әкелген сыйлықтарды бөлмеге апаруға көмектеспек болған. Сол кезде баспалдаққа сүрініп, 3,7 метр биіктіктен құлады. Ер адам бас-сүйек, арқа, қол, иық жарақатын алып, жүрегі мен өкпесіне зақым келді. Дәрігерлер науқастың жағдайын жол-көлік апатынан аман қалған адаммен салыстырды. Мэллон он күн бойы жансақтау бөлмесінде жатты. Есін жиған кезде, біраз нәрсені ұмытып қалғаны белгілі болды.

"Мен оның есін жиғанын көрдім. Бірақ ол қатты ұялды. Өйткені біздің үйленгенімізді де ұмытып қалған еді", — деді әйелі Аврил.
Сондықтан әйелі тойда ойнаған әнді айтқан. Сол кезде жігіт бәрін есіне түсіре бастаған. Жігіт бірнеше апта бойы дәрігерлер бақылауында болды. Мамандар оның қалпына келуіне кем дегенде жарты жыл кетеді деген болжам жасаған болатын. Алайда жігіт небәрі бір ай ішінде үйіне оралды. Оның сол құлағы естімей қалған әрі иіс пен тағамның дәмін сезбейді.
sputniknews.kz

24 тамыз 2019 ж. 1 119 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 121

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 102

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 111

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031