Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт қызды көтере алмай ұятқа қалды - видео

Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт қызды көтере алмай ұятқа қалды - видео

Қалыңдығын ұрламақ болған жігіттің абыройы айрандай төгілді.
Владикавказда қалыңдығын дәстүрге сай ұрламақ болған жігіт қызды екі рет құлатып алды, деп жазады sputniknews.
Видеода жігіт қыздың артынан келіп, басына қап кигізіп, көлікпен алып қашпақ болады. Алайда қалыңдығын әуелі баспалдақта, кейін көліктің жанында құлатып алады. Онымен қоймай өзі де бірге жығылған.
Кадрдан тыс оқиға куәгерлерінің "әттеген-ай" деген үні естіледі. YouTube желісінде жұрт алаңғасар жігітті келемеждеп жатыр.
"Байғұс қыздар-ай. Бұл цирк қашан бітеді, адамды мертіктіре жаздады", — дейді қызға жаны ашығандар.
"Осыдан кейін қалған болса, қатты тұрмысқа шыққысы келген ғой. Екі рет құлатып, тіпті хал-жағдайын білген жоқ, әрі қарай сүйреп барады. Жігіттер, ұялсаңдаршы, қыз ұрлай білмейсіңдер, енді келіп видеоға түсіресіңдер", — деп мысқылдады біреулер.


29 қаңтар 2019 ж. 1 848 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031