Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Анам да білмейді": Мәдина Сәдуақасова мінезі туралы айтып берді

"Анам да білмейді": Мәдина Сәдуақасова мінезі туралы айтып берді

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова мінезі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында өзінің мінезі туралы жазып, жан дүниесін ақтарған. Мінезі құбылмалы өнер иесі ішкі болмысын анасының да білмейтінін жеткізген. Сонымен қатар, бойында тұрақтылық жоқ екенін жасырмады ол.

"Мен әртүрлімін. Ешкім мені толық білмейді. Тіпті анам да білмейді. Көңіл-күйім тез өзгереді, мінезімді алдын ала болжау мүмкін емес. Тіпті бір жағдай бола қалса, өзімді қалай ұстайтынымды да білмеймін. Тұрақты стилім, үнемі қолданатын әтірім жоқ, етеңеге бағынышты емеспін", - дейді өнер иесі.

Алайда Мәдина Сәдуақасова жанында жүрген жақындарын қатты бағалайды. Өнер иесі өмірінің маңызды бөлшегі туралы айтып, неден қорқатынын жеткізген.

"Бірақ, мен 20-25 жыл бірге болған, мектеп оқушысын сахнаға шығарып, әлі де жанымнан табылатын құрбыларымды, 10 жыл бірге болған жарымды бағалаймын. Адамдар менің өмірімнің ең маңызды бөлшегі. Жақын адамдарымды жоғалтып алу қиын болғандықтан, сатқындықты да кешіре аламын", - дейді Мәдина Сәдуақасова.
04 шілде 2019 ж. 2 830 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 152

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 180

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031