
Есеймеген ересек – еліне сын
«Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса, сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса, аға тұт» деп қазақ халқы ұрпағын ешқашан биологиялық жасы бойынша есептемеген. Өсіп келе жатқан өскіннің қалыптасуына ерекше мән беріп, оның ақыл-парасаты мен зердесін үлкендерге сынататын дағды осының айғағы. Абай айтқан «толық» һәм...

















