Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құндылықтың алтын арқауы

Ұлттық құндылықтың алтын арқауы

Қазалы аудандық білім саласы бастамасы, білім саласы ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай тағылымы – ұлттық құндылықтың алтын арқауы» тақырыбында облыстық іс-шара өткізілді. Бүкіл ел болып ақынды ардақтауға арналған шараға ардагер-ұстаздар зор ізденіспен дайындалған.
Тамашалауға арнайы келген облыстағы барлық аудандары ардагер-ұстаздарды алдымен Жанқожа батыр кесенесіне зират етіп, кенттегі көрікті демалыс орындарын аралады. Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығына беттеген қонақтар ардагер-ұстаз Бибісара Есмагамбеттің зейнеткер ұстаздардың шеберлікпен жасаған бұйымдарының көрмесін көрді. Қатарда белгілі суретші Тастайбек Иманғалиевтің қылқалам туындылары. Базаркүл Жолболдиеваның тоқыма бұйымдары, Ғалия Қылышбаева, Клара Өксікбаеваның оюлы құрақ көрпелері, Гүлшара Әділбайдың түрлі-түсті тағамдарын тамашалады.
Бұл күні «Абай тағылымы – ұлттық құндылықтың алтын арқауы» тақырыбында біліктілік сайысы өтті.
Аймахан Ысқақ, Сарқыт Ержанованың бірлесе жасаған бағдарламасы көпшілік көңілінен шықты.
Бас кейіпкер бала Абайдың бейнесін №249 мектеп-лицей оқушысы Нұрмұрат Баймен, орта жасын мен кемел жасын ардагер-ұстаз Кенжебай Рысмамбет, Қалибек Бакеев жоғары дайындықпен алып шықты. Абайдың әжесі Зере рөлін сомдаған Ұлжан Ахметова, Ұлжан бейнесін сомдаған Гүлнар Рысмахан, ақынның баласы Әбішті Абдол Дүйіс, Әйгерімді Набира Момбек, Абайдың досы Мехайловті Қазыбай Санияз жақсы сомдап шықты.
Мұхтардың балалық шағын Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп оқушысы Бекзат Танабаев, оның ағасы Қасымбектің бейнесін Нұртай Нұрәділ нанымды бейнелеп, халықтың қошеметіне бөленді.
Серік Бәймен, Гүлжамал Кожамқұлова, №182 орта мектебінің ардагері Жаңыл Мырзатаева Абайдың қара сөздерін жатқа айтқан нақышына келтіре орындаса, Абай өлеңдерін Ұлжан Ахметова, Шаймерден Сарбалаев, Бекет Кәдірбек, Абзал Дүйіс, Шаймерден Сарбалаев жатқа оқып, жұртшылық ықыласына бөленді. Нәбира Момбек Абайдың «Тағы жазба» күйін төгілте шертті.
Аймахан Ысқақ пен Мұхтар Сәлмен әлем сүйген есімге жүрекжарды арнауын жеткізді.
Шараны жүргізген Берекет Құмарбай мен Сарқыт Ержанова, кешті ұйымдастыруға атсалысқан білім бөлімі, Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығына алғысын айтқан «Білім саласы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Қуанышбай келген қонақтарға бірлестіктің жұмысын бейнелеген кітапшаларды сыйға тартты.
Кеш соңында облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Бакенов шара «жоғары» бағалап, қатысушыларға сый-сияпат тапсырды.
Жеткербай МАХАМБЕТ

22 қараша 2025 ж. 235 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031