Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды нысандар – әкім назарында

Маңызды нысандар – әкім назарында

Жуырда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінде орналасқан бірқатар мекемелерді аралап, олардың қазіргі жай-күйімен танысты. Аудан басшысы алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөліміне барып, сала қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында бөлімнің материалдық-техникалық базасы, қызметкерлердің жұмыс жағдайы және атқарып жатқан міндеттері туралы мәлімет берілді. Аудан әкімі бөлім қызметкерлерінің күнделікті қызметінің маңыздылығына тоқталып, әсіресе, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңызын атап өтті.
Қауіпсіздік саласы – халықтың өмірі мен мүлкін қорғаудағы негізгі тірек екенін айтқан Алмасбек Есмаханов болашақта бұл салаға тиісті қолдау көрсетілетінін және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Одан соң аудан басшысы төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №9 өрт сөндіру бөлімінде болды. Қазіргі таңда бөлімде 35 қызметкер жұмыс істейді. Нысан 3 негізгі өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілген. Мұнда аудан әкімі өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, саладағы негізгі міндеттер мен жылыту маусымында туындайтын қауіптердің алдын алу бағытында пікір алмасты. Сонымен қатар, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығына тоқталып, төтенше жағдайлардың алдын алуда кәсіби дайындықтың жоғары болуын атап өтті.
Кейін Алмасбек Әбілқасымұлы Жетес би ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Өткен жылы нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда амбулатория бір ауысымда 150-ге дейін тұрғынды қабылдай алады. Сонымен қатар, күндізгі стационарда 18 адамға дейін медициналық көмек көрсетіледі.
Аудан әкімі мекеме ұжымымен кездесіп, медициналық қызмет сапасы, дәрі-дәрмекпен қамту және материалдық-техникалық база бойынша ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Халық денсаулығы – басты назарда екенін атап өткен әкім сала қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін жоғары бағалап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Жетес би ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысқаннан кейін, аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы аудандық көп бейінді орталық аурухана аумағында салынып жатқан қосымша құрылыс – 42 төсектік инсульт және кардиология орталығына барды.
Қазіргі таңда аталған денсаулық сақтау нысанының құрылысы 90 пайызға аяқталған. Құрылыс жұмыстарын «СМП Қызылорда» ЖШС жүргізуде. Жоспар бойынша, жаңа орталық желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
Аралау барысында аудан басшысы нысандағы бірқатар кемшіліктерге назар аударып, мердігер мекеменің жауапты өкіліне жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар жаңа нысан халыққа ешқандай ақаусыз, толық дайын күйінде табысталуы тиіс екенін баса айтты.
Аудан әкімі аурухананың бас дәрігері мен аудандық құрылыс бөлімінің басшысына құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды жүктеп, сапасыз орындалған жұмыстарға жол берілмеуі қажеттігін ескертті.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
22 қараша 2025 ж. 13 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930