Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың айыппұлы ішінара немесе толық кешірілуі мүмкін

Қазақстандықтардың айыппұлы ішінара немесе толық кешірілуі мүмкін

Қазақстандықтардың айыппұлы ішінара немесе толық кешірілуі мүмкінФото: depositphotos.com
Қазақстанда әкімшілік амнистия аясында азаматтардың бір бөлігін жауапкершіліктен босатып қана қоймай, айыппұлды кешіру мәселесін қарастыру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Амнистия кімдерге қатысты?
Министрдің айтуынша, амнистия азаматтардың, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқықбұзушылық жасағандарға ғана қатысты болады.

Кімдер амнистияға ілікпейді?
Ержан Сәденов амнистия бірқатар санатқа қолданылмайтынын нақтылады.

"Қауіпті қылмыс жасағандар, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сипатындағы, кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар, сондай-ақ, рецидивистер мен іздеуде жүрген адамдар тізімге кірмейді", - деді ол.

Айыппұлды кешіру
Сонымен қатар, әкімшілік амнистия аясында айыппұлды кешіру мәселесі қарастырылып жатыр.

"Жеке тұлғалардың төленбеген айыппұлын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесін қарастыру жоспарланып отыр. Мұндай тұлғалардың санаттарын, айыппұлды кешіру көлемі мен тәртібін заң жобасын дайындау кезінде уәкілетті орган пысықтайды", - деп толықтырды министр.

Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов әкімшілік амнистияны дайындау мерзімін белгіледі.
18 наурыз 2026 ж. 314 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031