Бір тостаған, бір қасық, үлкен үйде бір бастық
«Әкелерің келе жатыр» деді анам баяу үн қата. Жым-жыртпыз. Қабағы қатулы әкем есіктен еніп келді. Сірә, бүгінгі жұмысы ауыр өткен секілді. Жан-жағына қайырылып қарамады. Дастарқан басына отырды да жүзімізге көз тастады. «Біссімілләсін» айтып ас бастаған соң біз де үнсіз тамақтануға көштік....