Кез келген мемлекеттің елдігін, бостандығын, тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті белгілері – мемлекеттік рәміздер. Мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол елдің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбитіні анық....
Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба және Гимн – біздің тұтастығымыз бен дербестігімізді айшықтайтын, өткеніміз бен болашағымыздың арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Рәміздер елдің өзіндік өмір салтын, болмыс-бітім ерекшелігін, өзгелермен байланыс орнату мұратын білдіретін айрықша белгі болып табылады....
Былтыр кент орталығындағы Әбілқайыр хан көшесіне жаңа асфальт төселеді дегенде жергілікті тұрғындар бөркін аспанға лақтырып, қуанғаны бәрінің есінде. Бірақ жұртшылықтың қуанышы ұзаққа көпке созылмады. Сәуір айында басталған жөндеу жұмыстары жолдың негізгі қабатын қырып, тегістеумен ғана шектелді. Жұмыс...
Сыр топырағында оның ішінде Қазалы ауданында дүние есігін ашқан аса талантты тұлғалардың бірі – Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев. Небары 23 жыл өмір сүріп, қысқа ғұмырында артына мәңгілік өшпес өнеге қалдырған ол Қазалының ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Биыл...
Бейсенбіде Қазалы теміржол ауруханасында халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында іске қосылған магнитті-резонанстық томография мен эксперт классты УДТ орталығы ашылды. Аурухананың бас директоры Құбыл Ршымбетов заман талабына сай іске қосылған бөлімшелерді таныстырды. Мұнда соңғы үлгідегі жаңа жабдықтардың...
Бұл күн – есін білген бөбектің жылда асыға күтетін, күнмен бірге оянған кішкентайдың қуанышқа кенелетін күні. Соңғы жылдары індеттің таралуы салдарынан тосырқап қалған мерейлі мерекені биыл аудандық білім бөлімі жоғары деңгейде атап өтуді жөн санады. Жүздеген құлыншақты аудандық Оқушылар үйінің алаңына...
Төрт тоқсан бойы тынымсыз білім іздеген балалардың жазғы қуанышы тынығу лагері екені сөзсіз. Онда жаңа достар тауып, демалыс күндерін қызықты өткізуге жағдай жасалғанын біледі. Дегенмен Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру лагерін бірнеше жыл бұрын Сырдың суы шайып кеткені есте. Бірақ аудан...