Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа құрылғы іске қосылды

Жаңа құрылғы іске қосылды

Бейсенбіде Қазалы теміржол ауруханасында халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында іске қосылған магнитті-резонанстық томография мен эксперт ­классты УДТ орталығы ашылды. Аурухананың бас директоры Құбыл Ршымбетов заман талабына сай іске қосылған бөлімшелерді таныстырды. Мұнда соңғы үлгідегі жаңа жабдықтардың функциялық қызметтері жан-жақты айтылды.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қуанышты жаңалыққа ортақтасып, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.
– Бұл қазалылықтар үшін үлкен жаңалық. Өздеріңізбен тағы да қуанышты сәтте бас қосып тұрмыз. Уақыт талабынан қалмай, өткен жылы да аурухана жанынан ПТР зертхана орталығының ашылуына қатысқан болатынбыз. Соның арқасында анализ нәтижесін Қызылорда мен Аралға жібермей-ақ, осы жерден білу мүмкіндігіне ие болдық. Жедел қызмет жүйесімен 3-4 сағатта аурудың бар-жоғы анықталатын күйге қол жеткізген едік. Сол кезде алдағы уақытта МРТ, заманауи УЗИ қойылатындығы ақпараттандырылған. Міне ол күнге де жеттік. Мұндағы мамандар арнайы оқытудан өткен. Бүгінде науқастарға кеңесін беруде. Бұған дейін аудан тұрғындары нақты диагнозын білу үшін облыс орталығына бару қажет еді. Бұл көп уақытты және қосымша қаржыны талап етеді. Енді қазалылықтар мұндай тауқыметтен құтылады.
Бір сөзбен айтқанда, орталық аудан халқына қызмет көрсетуге дайын. Олай болса, Құбыл Ршымбетов басшылық жасайтын ұжым қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеймін, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Шара барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтау сөз сөйледі.
Магнитті-резонанстық томография – үш өлшемді қалпына келтіруді қолдана отырып, кез келген жазықтарда адамның ішкі мүшелерінің жоғары сапалы кескінін алуға мүмкіндік беретін диагностиканың ең заманауи ақпараттық әдістерінің бірі. Мамандар МРТ әдісі зиянсыз және балалармен қатар ересектердің де ауруларының диагностикасын жасауға, емделу процесінде динамикалық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігін жеткізді. Ал австриялық УЗИ аппаратының мүмкіндігін түсіндірген Индира Опабекова:
– Эксперт классты УЗИ аппаратымен акушерлік, гинекологиялық, урологиялық, кардиологиялық зерттеулер жасаймыз. Осы аппарат арқасында жүкті әйелдердегі ұрық ақаулары болса алдын ала анықтап, Қызылордадағы мамандарға жолдама береміз, – деді Қазалы теміржол ауруханасының бас гинеколог, узист дәрігері Индира Опабекова.
Аталған Оңтүстік Корея және австриялық заманауи құрылғының мүмкіндігі өте жоғары. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда қалаларында арнайы білімін жетілдірген мамандар жаңа жабдық арқылы жүйке, тірек-қимыл жүйесі, омыртқаның және жұлынның туа біткен патологияларын көре алады. Осылайша науқастарға дәл диагноз қойылып, емдеу шаралары жүргізіледі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

04 маусым 2022 ж. 668 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 38

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 34

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930