Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рәміздерге құрмет - мемлекеттік құрмет

Рәміздерге құрмет - мемлекеттік құрмет


Бүгін Қазалыда Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Әйтеке би кентіндегі Рәміздер алаңында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.


– Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Жас ұрпақтың намысын оятып, патриоттық сезімдерін ұялататын – рәміздер мерекесі құтты болсын, көк байрағымыз биіктен көріне берсін, – деген ізгі тілегін білдірді.


Шара барысында бір топ азаматтар ауданымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене қатысып, зор үлес қосқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 


Мерекеге орай ауданымыздың мәдениет майталмандары концерттік бағдарлама ұсынып, өнер көрсетті. Әсіресе, домбырашылардың Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырған көрінісі өте әсерлі шықты.


#Қазалы
04 маусым 2022 ж. 771 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 85

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 83

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 101

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031