Шығыс жастарының шынары
Сыр топырағында оның ішінде Қазалы ауданында дүние есігін ашқан аса талантты тұлғалардың бірі – Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев. Небары 23 жыл өмір сүріп, қысқа ғұмырында артына мәңгілік өшпес өнеге қалдырған ол Қазалының ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Биыл Шығыстың жарық жұлдызы, жерлесіміздің дүниеге келгеніне 120 жыл. Осыған орай бейсенбі күні туған жерінде салтанатты шара өтті.
Жиын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бастаған қонақтар орталық саябақта орналасқан Ғани ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жерлесіміздің рухына тағзым етумен басталды. Мұнан соң артына өшпестей із қалдырған тұлғаның өмірінен театрландырылған көрініс қойылды. Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы мемлекет және қоғам қайраткерінің есімі ел жадында мәңгілік сақталатынын жеткізді.
– Жастардың көзқарасын өзгертiп, қоғамға жаңа леп, тың идея алып келген Ғани Мұратбаев тек қазақ жастарының ғана емес, күллi Орта Азия халқының жастар көшбасшысы болды. Ол Кеңес Одағы кезінде жастардың тәлім-тәрбиесі мен оқуына ықпал еткен комсомол ұйымына талантты басшы болды. Ғани аудан шеңберіне сыймай өлкелік өрге, аймақтық аренаға, қала берді күллі Шығыс жастарының қамқоршысы болуға құлашын созды. Талант пен дарындылық, талап пен ынта, қайрат пен жігер оны қияға алып шықты. Азғантай біліммен биік белестерді бағындырды, – деді М.Оразбаев.
Айтулы күнге орай облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының арнайы «Құттықтау» хаты жеткізіліпті. Аудан әкімі оны Ғани Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұлға табыстады. Сонымен қатар 2012 жылы 110 жылдық мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне лайықты үлес қосқан Мұрат Имандосовқа домбыра сыйға тартылды.
Мерейтой мезгілінде аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Сырдария ауданының әкімі, облыстық мәслихат хатшысы қызметін атқарған Алмагүл Божанова, Қызылорда облысы мен Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов құттықтау сөз сөйледі. Артынша шараның өтуіне лайықты атсалысқан бірқатар отбасыларға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, құрмет көрсетілді.
Бұл күні Әйтеке би кенті кіре беріс қақпасынан бастап Ғ.Мұратбаев ауылына дейінгі 11 шақырымдық жүгіруден 17-39 жас аралығында жарыс ұйымдастырылды. Қызылордалық Күмісбек Қонақбаев мәре сызығын бірінші кесті. Сөйтіп, Жолмағамбет Рахметовтың атынан тігілген 200 мың теңгені қанжығасына байлады. Сондай-ақ 40 жастан жоғары марафонда Тараз қаласынан келген Еділбек Тайлақов бірінші орынды иеленді. Ал әйелдер арасындағы жүгіруден алғашқы болып Сырдария ауданының тұрғыны Эльмира Райымқұлова келді. Бұл уақытта ауылдың орталық саябағындағы сахна төрінде облыстық ақындар мүшәйрасы өтіп жатты. Мұнда 7 ауданнан 14 пен 29 жас аралығындағы ақындар бас қосты. Ғани Мұратбаевқа арнап өлең оқып, бас жүлдені сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды жерлесіміз Елнұр Нұрқасым иемденді. Сондай-ақ аралдық Аида Мырзабекова екінші, Жалағаш ауданынан келген Мейірімжан Қартбай үшінші орынға ие болды.
Арнайы шара басталардан бір күн бұрын Қазалы қаласында футболдан жарыс ұйымдастырылған. Нәтижесінде Ғ.Мұратбаев ауылының №91 мектептің аяқдопшылары бірінші орынды бермеді. Нақтыласақ жерлестерінің жүлдесі үшін барын салып, сақтап қалуға тырысты. Ал екінші орынды Қазалы аграрлы-техникалық колледж жастары иемденді. №18 спорт мектебінен құралған спортшылар үздік үштіктен көрінді.
Артынша қол күрес бойынша Ақтан батыр ауылынан келген Әділет Өмірбеков қарсылас шақ келтірмей өзгелерден озат болды. Ал Әйтеке би кентінен Мақсат Жалғасбек пен Мейрамбек Абдраулов екінші және үшінші орындарға жайғасты. Жеңімпаздарға Шалқыман Молдабаев атынан тігілген ақшалай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ қой көтеру бойынша Арыс қаласынан ат терлетіп келген Азамат Мақұлбеков Қарасай Шарипов атынан берілген қойдың иесі атанды. Әйтеке би кентінен Илияс Кәден мен Қазалы қаласынан қатысқан Нұрқожа Темірбекұлы ұпай жағынан сәл ғана қалып, екінші және үшінші орындарды қанағат қылуға тура келді. Осылайша Әбдіқами Рахметовтың ақшалай сыйлығына ие болды. Сонымен қатар гір көтеру бойынша Қеңесбай Сүлеевтің қойы қала тұрғыны Жәнібек Аралбаевқа бұйырды. Ал Қуанжан Айдынқұлов екінші, Мейрамбек Бөлекбаев үшінші орынды еншіледі.
Мұнан бөлек ән байқауы, қолөнер көрмесі мен қылқалам шеберлерінің сайысы өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, көрермен ықыласына бөленді.
Жастар игілігіне жаңа үй
Осы тұста алыс-жақын аудан мен қалалардан ағылған жұрт тарихы тереңнен сыр шертетін Қазалы қаласына аялдады. Себеп – мереке қарсаңында пайдалануға берілген жастар үйінің ашылуын көзбен көру. Қала тұрғындарының қуанышымен ортақтасу үшін келген аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы құттықтау сөз сөйлеп, тарихи тұлғаға айналған жерлесіміздің есімі мәңгілік ұмытылмайтынын атап өтті.
– Шығыстың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың ізбасарлары қашанда өте белсенді. Қай салада болмасын қол жеткізген жетістіктері ұшан-теңіз. Біздің тарапымыздан оларға қолдау көрсету жағы да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Мәселен, өткен жылы Қазалы қаласында жастар ресурстық орталығы ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Міне, бүгін Ғани атамыздың туған күні қарсаңында жастар жаңа ғимаратқа қоныс аударып жатыр. Бұл орын тегін жер емес. Қазалы қаласындағы тамыры тереңнен сыр шертетін тарихи орындардың бірі. Жақында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жастармен бірге мұнда ардагерлерге де бір кабинет бөліп отырмыз. Үлкен буын ағаларымыз жастарға өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісетін болады, – деді аудан әкімі.
Салтанатты шарада Қызылорда қаласынан арнайы келген Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың ісін жалғаушы ізбасарларының бірі Алмагүл Божанова ізгі лебізін жеткізсе, еңбек ардагері Жақсыбай Орынбасаров жастарға арнап ақ батасын берді. Осылайша «Жастар үйінің» лентасы салтанатты түрде қиылып, жиналғандар ғимараттың ішімен танысып шықты. Қазалы қаласындағы тарихи ғимараттың іші жарық әрі кең. Мұнда жастар мен ардагерлерге дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд және үстел теннисі қарастырылған.
Жаңа ғимараттағы жиын «Замана Заңғары – Ғани» атты дөңгелек үстелде жалғасты. Жастар мен аға буынның кездесуін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, құрметті қонақтардың жүріп өткен жолдарын таныстырды.
Дөңгелек үстелде Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Сырдария ауданын басқарып, облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін абыроймен атқарған Алмагүл Божанова, Қазалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Дана Сабырбаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, 1984-1986 жылдары Қазалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған Бақберген Кашимов, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов және тағы басқа азаматтар сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерін жеткізді.
Музейдегі мерейлі сәт
Мұндай ауқымды шарада Ғ.Мұратбаев атындағы мемориалдық музейге табан тіремей кету құптарлық іс емес. Сондықтан қонақтар Роза Асанова басшылық ететін музейге аялдады. Ә дегеннен тізгінді аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы өз қолына алып, жастардың жалынды жетекшісінің аз ғұмырында жасаған еңбегіне жеке-жеке тоқталды. Әңгіме арасында келген қонақтар пікір алмасып, Ғани туралы көрген-түйгенімен бөлісті.
– Жалпы музей 1968 жылы күзде ашылған. Бұл жер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сібірден әкелінген ағаш бөренелерден тұрғызылған орыс саудагерінің үйі болған. Алғаш ашылғанда 200 жәдігер, 3 зал болған болса, бүгінде 4000-ға жуық экспонат бар. Музейде қазіргі таңда сегіз экспозициялық, бір көрме залы бар. Ғанидың балалық шағынан бастап, ақтық сапарға аттанғанға дейінгі өмір жолы осы залдарға кезең-кезеңмен орналастырылған. Сондай-ақ, музей қорында оның өз қолымен жазылған хаттары, көпшілікке беймәлім құжаттары мен фотосуреттері кездеседі. Одан бөлек қызметтес болған серіктерінің, замандастарының естеліктері мен кітаптары да табылады, – деді Роза Асанова.
Жұрт күткен Көктөбедегі бәйге
Ғани Мұратбаев ауылынан тарқаған жұрт Қазалы халқы Көктөбе атап кеткен Әбдіраман төбеге ағылды. Мақсат – мереке қарсаңында ұйымдастырылған ат бәйге көзбен көру. Мұнда Тараз, Қызылорда қаласынан бөлек облысқа қарасты аудандардан кіл мықты сәйгүліктер бас қосты.
Бәйге ең әуелі тай жарыспен басталды. Алты шақырымды артқа тастаған тұлпарлардың ішінен оза шауып, Темірбай Емешовтың атынан тігілген 100 мың теңгеге Ақай ауылынан келген Ислам Әділбек қол жеткізді. Ал екінші орынға жайғасқан ақсуаттық Тұмағамбет Шайымов Мідуар Қарабалаевтың атынан берілген 70 мың теңгені иемденді. Сондай-ақ мәреге үшінші жеткен түркістаннан Жұмағали Нұржігітов, төртінші Сырдария ауданынан келген Мейрамбек Абдуллаев, бесінші аралдық Азамат Үсенұлына Әбдір Дүрхановтың қаржылай сыйлықтары табысталды.
12 шақырым қашықтыққа жарысқан «Құнан бәйгенің» сәйгүліктері төрт айналымды басып өтті. Нәтижесінде Арал ауданынан келген Нұрлыбай Нұрғазиев бірінші орынды иеленіп, Теңгебай Алдабергеновтың 300 мың теңгесін қоржынына салды. Сондай-ақ қызылордалық Кенжебай Ақшолов екінші орынға жайғасып, Әлмұрат Дәуітов атынан берілген 200 мың теңгені еншіледі. Ал үштікке арнайы тігілген Қожақ Кішкенебаевтың жүз мың теңгесі Қызылорда қаласынан келген Жұмағали Киікбаевқа бұйырды. Төртінші және бесінші орындарға Көбейсін Іскендіровтың атынан ақшалай сыйлықтар берілді. Оған аралдық Нұрдәулет Киікбаев пен Қармақшы ауданынан келген Айбол Ибраймов ие болды.
Аламан бәйге жақындаған сайын көп назары топ бәйгеге түсті. Қанша дегенмен сен тұр мен атайын тұлпарлар алты айналым жасап, 18 шақырымды артқа тастауы қажет. Осындай тартыстың бас жүлдесіне Қыстаубай Ермахановтың 500 мың теңгесі тігілді. Ал оған Қ.Пірімов ауылынан ат басын бұрған Бекжан Келманов лайық болып табылды. Сонымен қатар екінші орынға Сақыбай Бекжановтың төрт жүз мың теңгесі берілді. Иесі қызылордалық Болат Арыстанбаев. «Мақсым» шаруа қожалығы үштікке енген шабандозға мүйізді ірі қараны атады. Оны Бекарыстан би ауылының тұрғыны Бедер Абдикаримов иеленді. Сондай-ақ төртінші сәйгүлікке Махамбетжан Қоянақовтың атынан тай тігілді. Құмжиек ауылынан аялдаған Серік Шоқаев тайдың иесі атанды. Әбіл Алдабергеновтың ақшалай сыйлығын аралқұмдық Әли Муса Ерекешов иемденді.
Көктөбеде жиналған жұрттың қарасы қалың. Бір сәтте барлығы айқай-шуға басып, көптен күткен аламан бәйгенің басталуына асықты. Алаңға 13 тұлпар жиналды. «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, сәйгүліктердің бұл жолға шабысы бөлек болды. Төрт айналым бойы қатарласа келген жылқылар одан кейін тарқаса бастады. Жартысы жарыс жолынан шығып, бәйгені аяқтады. Соның ішінде алғаш болып мәре сызығын аттаған Тараз қаласынан келген Арман Термекбаевтың жүйрігі болды. Осылайша Жүндібай Баянбаев пен Қали Наурызбаевтың 1 миллион теңгесін қоржынына салды. Сәл ғана қалып кеткен бекарыстанбилік Ниетәлі Әбдікәрімов Сәбит Жұлдызбаев пен Кәти Өтепбергеновтың екі бірдей тайын иеленді. Ал Төлеу Сақтағанов Төлеу атынан тігілген жылқыға Бекарыстан би ауылынан табан тіреген Әкімәлі Әбдікәрімов ие болды. Сонымен қатар төртінші орынға Жұмаділ Әбиев атынан тай, бесінші орынға Темір Жұмашовтың мүйізді ірі қарасы берілді. Ал бұл сыйлықтарды қызылордалық Кенжебай Ақмолов пен тараздық Мейірбек Ахметов қанағат қылды. Бәйге бітті. Жеңімпаздар қомақты қаржыға ие болып, жиналған жұрттың алғысына бөленді.
Қорытынды кеш
Қазалы халқы көптен күткен тойдың қорытынды кеші Ғани Мұратбаев ауылындағы орталық саябақта өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов қорытынды сөз сөйлеп, тарихи тұлғаның мерейтойы жоғары деңгейде өткеніне тоқталды.
– Аз ғұмырында артына өшпес сәуле қалдырған Ғаниды еске алу, кейінгі толқынға үлгі ету бүгінгінің парызы десек, бұл тұрғыда осынау іс-шаралардың рухани маңызы зор деп есептеймін. Өйткені, біз бүгінгі өткен шаралардан Ғанидың өмiр жолдарына тереңнен бойлап, оның бойында бiлiмге құштарлық, әдiлдiк, табандылық, ұйымдастырушылық, уәдеге берiктiк, саяси тұрақтылық, шешендiк, адамдармен ортақ тiл табысу, сияқты тағылым аларлық қасиеттерге тұнып тұрғандығына көз жеткiздік.
Одан бөлек мерейтой аясында облыстық ақындар мүшәйрасы, қолөнершілер көрмесі, қылқалам шеберлерінің сайысы, футболдан турнир, жүгіруден жарыстар да ұйымдастырылды. Бұл шаралар өткізіп қою үшін ғана емес, өткенді саралап, барымызды бағалап, артында өшпес өнеге қалдырған бабамыздың қадірін білу үшін, оны кейінгі ұрпақтың зердесіне жеткізу үшін қажет. Мұның ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде аса зор маңызы болатыны сөзсіз, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Айта кетейік, мерейтой аясында өткен гала концертте жергілікті өнерпаздармен қатар, есімі елге белгілі Сыр бойының талантты азаматтары Үкітай Ерниязов пен Әл-Фараби Бекарысұлы өнер көрсетіп, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Абзал ЖОЛТЕРЕК,
фото Нұрлан ҚАНАТ
фото Нұрлан ҚАНАТ