Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады

Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады

Дегенмен кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 6-8 қазан күндері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болып, бұрқасын, екпінді жел соғады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
«Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады», – делінген ауа райы болжамында.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0,+5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.



05 қазан 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031