Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қазалы ауданына сапарын ақсақалдарға сәлем беруден бастады. Аудандық ардагерлер үйінде өткен кездесуде ел ағалары мен ақ жаулықты аналардың ой-пікірлерін тыңдады....
Ақын Мағжан Жұмабаевтың: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген сөзі бүгінде көне тәмсілге айналғанын іштей ұғынамыз. Десек те, небір ғұламаға әріп танытқан мұғалімдер жайында әңгіме басталса, дабырайтып тұрып айтатынымызды қайтерсің?! Жаңа ғасыр ұстаздарының орны төр емес, мектепке...
Ферғана алқабының шығыс бөлігіндегі Нарын мен Қарадарияның қосылуында пайда болған Орталық Азиядағы су мөлшерінің көптігі бойынша бір кездері екінші орында тұрған Сырдарияның бүгінгі кейпіне қарап көңіл құлазиды. Орталық Азиядағы ең ұзын өзеннің Қазақстандағы бөлігінің табаны құрғап, аумағы жұқарды....
Қазалылық балуандар бұған дейін де түрлі деңгейдегі додада қарсыласын алып ұрып, жүлдені жұлып алғанының куәсі болып жүрміз. Мұнда да жүлдеге ие болып, аудан абыройын асқақтатқан жерлестер табылды....
Ала жаздай Жер-Ананы баптап, еңбектенген шаруаның көңілі шат, жүзі жайраң. Дала төсін тынымсыз дүбірлеткен молшылық мерекесін Сыр жұрты биыл да толымды табыспен қарсы алды. Бұл жаттанды сөз, дәстүрлі дерек емес. Себебі алғаш рет еңбеккерлер үлкен қиындықпен бетпе-бет келді. «Сырдың суы сирақтан келген» тұста...
Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан атырабымыз жайлы кезінде этнограф ғалым Григорий Потанин «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген еді. Тал бесіктен жер бесікке дейін бар ғұмырын әнге сыйғызған қазақтың әу демейтіні жоқ екені жасырын емес. Ұлтымыздың жаны да,...
Ағымдағы жылдың басынан 13,5 мыңнан астам іс аяқталды. 2021 жылдың тоғыз айында өндірісте банктік шарттарға байланысты 28 мыңға жуық даулар болды, деп хабарлайды LS....
Беларусь елінде тіркелген коронавирустың жаңа штамы адамнан адамға өте жылдам жұғады. Сондай-ақ вирустың бұл түріне 50 жасқа дейінгі кісілер тез шалдығуда, деп хабарлайды Express Qazaqstan....
«Нұрлы жердің» орнына «Жайлы Тұрғын үй» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыру басталды. Ол бес жылға, 2021-2025 жылдарға есептелген. Бұл туралы Orda.kz krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады....