Келесі жылдан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады

Фото: ЖИ
Грекия 2027 жылдан бастап 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакистың айтуынша, мұны жасөспірімдер арасындағы мазасыздықтың артуына, ұйқы проблемаларына және әлеуметтік желілерге тәуелділікке байланысты жасаған.
"Грекия бұл бастаманы қабылдаған алғашқы елдердің бірі болады. Бірақ ең соңғысы болмайтынына сенімдімін. Біздің мақсатымыз – Еуропалық Одақты осы бағытта алға жылжыту", – деді Мицотакис.
Грекия парламенті тиісті заңды 2026 жылдың ортасында қабылдайды деп күтілуде. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап платформалар 15 жасқа толмаған пайдаланушыларды бұғаттауы керек болады. Әйтпесе олар ЕО сандық қызметтер туралы заңына сәйкес айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл әлемдік айналымның 6%-ына дейін жетеді.
Мицотакис Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Лейенге хат жолдады. Онда ол ЕО бойынша "сандық кәмелетке толу жасын" 15 жас деп белгілеуді, платформалардан пайдаланушылардың жасын тексеруді талап етуді ұсынды.
Елімізде балаларға әлеуметтік желіге кіруге шектеу қойылады: Мұның қалай жүзеге асатыны айтылды
Елімізде балаларға әлеуметтік желіге кіруге шектеу қойылады: Мұның қалай жүзеге асатыны айтылды
Афины жалпыеуропалық шешімсіз мұндай шаралар тиімсіз болатынын мойындайды. Премьер-министрдің министрі Акис Скертсос ұлттық заңнама көбіне ЕО стандарттарына тәуелді екенін, яғни тек Грекия заңнамасы жеткіліксіз болатынын мәлімдеді.
Ұқсас шаралар басқа елдерде де енгізіле бастады. Желтоқсан айында Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік медианы тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды, ал наурыз айында Индонезия осындай тыйым салуды енгізе бастады.
Ұлыбританияда, Францияда және Түркияда шектеулер немесе осыған ұқсас заң жобалары талқыланып жатыр. Қазақстан да балалардың әлеуметтік медиаға қол жеткізуін шектегісі келеді.











