Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айлық абыройды көтере ме?

Айлық абыройды көтере ме?

Ақын Мағжан Жұмабаевтың: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген сөзі бүгінде көне тәмсілге айналғанын іштей ұғынамыз. Десек те, небір ғұламаға әріп танытқан мұғалімдер жайында әңгіме басталса, дабырайтып тұрып айтатынымызды қайтерсің?! Жаңа ғасыр ұстаздарының орны төр емес, мектепке кіреберістегі кезекші тұратын жерде қалғаны қашан?! Рас, жалақысы жұрт ауыз толтырарлықтай көтерілді. Бірақ баяғы қағазбастылық, шәкіртінің мінезінен тартынып, ата-ананың былапыт сөздерін естіп, шапалағын жеуге дейін жеткен күйі – сол күй. Кешегі №266 мектеп лицейдегі кәсіпкер ата-ананың Алаш ардақтаған мамандық иесін соққыға жығып кеткені тек Қазалыдағы ғана емес, елдегі салалық идеологияның ақсап тұрғаны демей не дейміз?!
Көпшілік ұстаздың қадірін ұғыну үшін мектепті тәрбие ұясы ретінде мойындағаны, құрметтегені керек. Мұндай ата-анадан туған бала да мектептегі ұлық адамдарды өз дәрежесінде сыйлай алады. Ал мұғалімнің телефон алмағаны үшін өзі қамқорлығына алып отырған оқушының шешесінен таяқ жеуі, оған мектеп инспекторының, басшылығының араша түспеуі осы сарындағы оқиғаның өршуіне әкеледі. Ақыры баласына «әй» деген ұстаздың басына «әңгір таяқ» ойнатып, мектеп басшылығына тыныштық бермейтіндер қатары көбейеді. Әрине, бұл өз кезегінде білім ордасындағы ұстаздардың тек білім беру ісімен айналысуына кедергі келтіреді.
Сәл ертеректе әріп танығандар тәрбиенің санаға қалай құйылатынын, білім ордасының киесі болатынын терең ұғынды. Бала шалалығы үшін ұстаздардан «тәттілеп» талай таяқ жесе де, үйдегілерге жеткізбегендерін үлгі қылып ­айтады.
Бүгінде әскери қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген Нұрлан Мусаның пікірін тыңдасаңыз жөн екен дерсіз.
– Теріс қылық жасап, оқуға селсоқ қараған кездері мектептегі анамыздан таяқ жейтінбіз. Сол бала кезде де тәрбиешіміздің ұрысқанын орынсыз деп ойламайтынбыз. Әйтпесе ата-анасына жеткізіп баратындар да аз болған жоқ. Бірақ баланың қателігін ақтайтын ана, жігіт болсын деп жұдырықтап жіберген ағайға «тәйт» дейтін әке болмады. Ұстаздың мәртебесін осыдан-ақ ұғып, келесіде жағымсыз көрінгіміз келмейтін. Қысқасы мұғалімнің тәрбиесіне тосқауыл болып, білім беру әдісіне араласу дұрыс емес деп ойлаймын. Одан бала жаман болатын болса, біз қазір ел мақтаған, басшылық қадірлейтін маман болмас едік деп ойлаймын, – дейді ол.
Шынтуайтында, бауыр еті баласын қанша жақсы көріп тұрса да: «Еті сенікі, сүйегі менікі. Осы баланы адам қыл» дейтін әке-шешеміздің сөзінен артық бұл мәселеде шешім жоқ.
Қазір тәртіпке көнбеген баладан мұғалім қорқатынға айналды. Одан бұрын намысын қашайтын сөз үшін сотқа сүйрейтін ата-аналар әр мектептен ондап табылады. Сөйте тұра, ұстаздың төрдегі орны туралы, ол беретін білім, мінез, тәрбие жайында сөз қозғау артық шығар. Айтқым келгені, аюды намазға жыққан таяқ болса, баланы білімге баулыған ұстаздың сұсы мен педагогикалық шеберлігі екенін бала өсіріп отырғандар ұқса екен деген ой ғана. Қалғаны жергілікті сала басшылығының жең түре кіріскен жұмысымен бітері анық.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
26 қазан 2021 ж. 458 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 64

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 65

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 55

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031