Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүбірлі дода мәресіне жетті

Дүбірлі дода мәресіне жетті

Қазалылық балуандар бұған дейін де түрлі деңгейдегі додада қарсыласын алып ұрып, жүлдені жұлып алғанының куәсі болып жүрміз. Мұнда да жүлдеге ие болып, аудан абыройын асқақтатқан жерлестер табылды.
Мәселен, 130 келі салмақта белдескен Қуаныш Амангелді күмістен алқа тақты. Бірінші орынды алматылық Ақарыс Бердашов алса, үштікті шырайлы Шымкенттен келген Көшенхан Төлегенов қорытындылаған. 97 келілік жігіттер арасынан да Жандос Задаш есімді қазалылық пен Ақтөбеден келген Рахат Бержанов қола жүлдені бөліске салды. Бұл сайыста Қостанай намысын қорғаған Иусуф Мациев жеңімпаз ­атанып, ­алмалы қаланың тумасы Айдос Әміров екінші орынның тұғырынан табылды.
Сонымен бірге 87 келі салмақта белдескен балуандардың басты жүлдесін Бақдәулет Азамат ел астанасына арқалай кетті. Жерлесіміз Ұлықбек Темірбек қола алған 82 келі салмақтың алтынын Шымқаланың балуаны Әзімхан Әбдалиев тағып қайтты. Сол өңірден келген Омар Сатоев та 77 келіде үздік атанды. 72 келіде ­жауырыны жерге тимеген Мерей Мәлетқанов Алматының абыройын асқақтатса, Ернар Жолдас қазалылықтарды күміспен қуантты. Бұдан төменгі төрт салмақ бойынша ­жерлестер жүлде ала алмады. Алайда жеңіс бар жерде жеңіліс барын жақсы білетін ­балуандар сайыстан мол тәжірибе жинап, ендігі ­додада топ жарамыз деп отыр.
Жарыстың соңғы күні балуандар жұбаныш белдесулерін өткізіп, 5 салмақ бойынша ақтық сында белдесті. Бозкілемде бапкерлерінің айтқанын екі етпей орындаған епті ­балуандарды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, Қазалы және Арал аудандарының Құрметті азаматы ­Айтбай Көшербай, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Нұрболат Ибраев, турнирдің бас төрешісі Ғабиден Райымбек марапаттады.
Жарыс соңында ардагер спортшылар Дәстен Айбосынов, Нұрлыбек Есбосынов медаль табыстап, ізгі тілектерін жеткізді. Ал аудан әкімі Мұхтар ­Оразбаев турнирдің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан барша азамат пен бозкілемде белдескен балуандарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевтың Қазалы ауданында көптеген спорт нысанын салуға мұрындық болғанын атап өтті.
– Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев елдің дамуына, Отанның гүлденуіне аянбай еңбек етті. Ел үшін туған арда азаматтың игі істерінің шарапаты бүгінгі ұрпаққа да тиіп отыр. Көптеген жас балуан осы турнир арқылы елге танылуда. Онымен қоса, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатары күн санап артып келеді. Барлық балуанға шын жүректен алғыс айта отырып, әлі де болса биік белестерді бағындыруға, олимпиада төрінде қазақтың көк туын желбіретуге тілектестік білдіремін, – деді аудан әкімі.
Бұдан кейін турнирде көрермен көзайымына айналған спортшыларға арнайы жүлделер табыс етілді.

Р.ӘБДІҚАЛЫҚ
26 қазан 2021 ж. 627 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930