
Бала жанының бағбаны
“Біздің апай керемет жан”, “Сынып жетекшіміз екінші анамыздай болып кеткен” бұл осыдан он жыл бұрын мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан қос құрбының жарыса жеткізген пікірі. Әңгіме ауаны мектеп кезіндегі қызықты сәттерді еске алуға ауысқан сәтте сыныптастардың жамыраса ұстаздары туралы жылы лебіздерін жеткізуі...