Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

coverФото: freepik.com
Қолайсыз ауа райына байланысты Астана қаласынан республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz. 
Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Құтқарушылар дауылды ескерту мен жедел ақпаратты бақылап отыруды, ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауды ескертті. Сондай-ақ қатты аяз, боран және көріну қашықтығы төмендеген кезде ұзақ уақыт жаяу жүрмеуге кеңес берді.
Сонымен қатар, бүгін, 12 наурызда ауа райының қолайсыздығы салдарынан елордадағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды. 
«12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9-сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.


12 наурыз 2026 ж. 187 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930