Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесі әзірленіп жатыр

Қазақстанда су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесі әзірленіп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесін әзірлеп жатыр.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Жоба аясында Қазақстанның оңтүстігіндегі ирригация инфрақұрылымына қатысты бірыңғай деректер базасы жасалады. Сондай-ақ суармалы жерлердің нақты шекарасы анықталып, ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын бақылау үшін жерді қашықтан зондтау технологиялары қолданылады.
Министрлік мәліметінше, жаңа жүйе су пайдалануға қатысты негізгі процестерді цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, су алуға өтініш беру, келісімшарт жасау және су тұтынуды есепке алу сияқты қызметтер электронды форматқа көшіріледі.
Сонымен қатар жүйе ғарыштық мониторингтің көмегімен суды заңсыз пайдалану және ауыл шаруашылығы жерлерін рұқсатсыз суару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.
– Бұл жоба су ресурстарын бөлудің ашықтығын арттыруға, суармалы суды пайдалану бақылауын күшейтуге және ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың заманауи цифрлық құралдарын енгізуге бағытталған, – деді «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.
Айта кетейік, Қызылорда облысындағы су саласының өкілдері Сырдария өзеніндегі су деңгейі және көктемгі су тасқынына дайындық туралы айтып берді.
12 наурыз 2026 ж. 204 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930