Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ата-аналар және студенттермен кездесу өтті.
Аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен жиында жастар арасында топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудан прокурорының орынбасары Биқожа Жұмаш, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ғанибек Құрманалиев қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері төңірегінде өз пікірлерін білдірді.
Шара барысында аудан аумағында жыл көлемінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер айтылып, құқық қорғау органдарының өкілдері заң талаптарын сақтамаудың құқықтық салдары жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кездесу аясында жасөспірімдерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, қоғамдағы тәртіп пен заң талаптарын сақтауға шақырып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың жауапкершілігін күшейтіп, саналы әрі заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына оң ықпал ететіні сөзсіз.
12 наурыз 2026 ж. 173 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930