Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде жұмыс істегісі келмейтін жастардың саны күрт артыпты

Елде жұмыс істегісі келмейтін жастардың саны күрт артыпты

Өткен жыл аяқталар тұста Қазақстанның еңбек нарығында ерекше жағдай байқалды. 
Фото: Жасанды интеллект негізінде жасалған
2025 жылдың төртінші тоқсанында елдегі жұмыссыздар саны 445,7 мың адамға жеткені мәлім болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бар болғаны 0,5 пайызға азайған. Бірақ ең алаңдатарлығы, 25-28 аралығындағы жастардың жұмыссыздығы адам сенгісіз өсіп отыр.
Ауылдағыларға қарағанда қаладағылардың екі қолға бір күрек табуы қиындап тұрған секілді. Мәселен, жалпы жұмыссыздардың 283,3 мыңы – қалада тұрғындары. Бірақ елде қала халқының саны жылдам өсіп жатқанын ескерсек, мәселенің себепсіз емесін көреміз. Қазақстан бойынша жұмыссыздық деңгейі сол қалпы 4,6% деңгейінде тұр.
Енді мәселеге тереңірек бойлау үшін жас санаты бойынша жіктеп қарайық. Жұмыссыздардың ең үлкен үлесі 35-44 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі екен – 164,3 мың адам. Ал жастар арасында динамика әртүрлі, 16-24 жас аралығында – 39,6 мың адам тіркелді (7,1%-ға өскен), 25-28 жас аралығында – 29,3 мың адам (40,7%-ға өскен!), ал 29-34 жас тобындағы жұмыссыздар саны керісінше 29 пайызға азайып, 45,5 мыңды құрапты.
Осы тұста "жастардың жұмыссыздығының көбеюіне не әсер етті?" деген сауал туындайды. Ресми деректе жұмыссыздықтың негізгі себептері ретінде өз еркімен жұмыстан шығу көрсетілген. 107 мыңнан астам адам болса, жұмыс таба алмай жүргенін алға тартқан. Тағы 64 мыңнан астамы отбасылық жағдайына байланысты, 40 мыңнан көбі үй шаруасында отырғанын желеу еткен. 29 мыңға жуық адам жұмыстан қысқартылып қалғанын айтқан. Ал 1,1 мың адам жұмыс істеуді мүлде қажет етпейтінін жеткізіпті.
Біз ерекше зер салғымыз келетін тұс – жастардың жұмыссыздығы. Жоғарыда 25-28 жастағылардың екі қолға бір күрек таппауы лезде 40 пайыздан астам өсіп кеткенін жаздық. Негізі, кейде күлкілі естілсе де, қазіргі жастар құдды өліара кезеңде қалып қойғандай көрінеді. Технология жылдам дамып жатыр, онымен қатар, құндылықтар ауысуда. Көбі өмір сүру салтының бір мекенге, бір жұмысқа байланып қалмай, еркін болуын қалайды.
Жасырары жоқ, жастардың жұмыссыздығы дегенде сәл жағымсыздау сипат алған NEET сөзі жиі айтылады. Еуропа елдерінде әлдеқашан зерттелген ұғым Қазақстанда айтылып келе жатқанына 10 жылдай ғана уақыт болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде NEET санатына жататын 318 мыңнан аса адам бар.
Дегенмен бұл деректі нақты көрсеткіш ретінде қарауға тағы болмас. Өйткені статистика жалпылама сипат бергенімен, әр адамды толық зерттемейді, яғни, бірізділікке келмейді. 
– Жыл сайын аймақ бойынша NEET жастар көрсеткішін шығаратын санақ бар. Сондай салыстырудың бірінде Жетісу облысында NEET жастардың саны жоғары екені анықталды. Бірақ Жетісу өңірінде жұмыс бойынша тіркеуде тұрмаса да, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жүргендер бар. Тек олар әкесінің, ағасының атындағы кәсіптерді дөңгелетіп отырған соң, жұмыссыздар қатарына қосылып кеткен, – дейді әлеуметтанушы Эльмира Отар.
Статистикаға қайта оралайық, елде 445 мыңнан астам жұмыссыз бар, бірақ олардың басым бөлігі мемлекет ұсынған қолдау бағдарламаларына асықпайды. Қараңыз, бұл бағдарламаларда көп жағдайда 30 АЕК – 129 750 теңге ғана жалақы тағайындалады. Елдегі орташа жалақыдан тіпті 3 еседен астам аз. Нарық үстемдігі орнап, экономикалық құндылық алға озған уақытта бұндай мүмкіндікті елемейтіндер көп болатыны даусыз.
Осыдан келіп шетелге ауып, үйреншікті Корея, Ұлыбритания, әрісі АҚШ жағалайтын жастардың буыны қалыптасты. Бірқатарымен тілдесіп те көрдік. Адам ресурсы, кадр тұрғысынан қарағанда бұл құбылыстың мемлекетке зияны тиіп жатқаны рас. Әйтсе де, бұған қарсы дау айтып, таңдауын елемеуге тағы болмайды.
12 наурыз 2026 ж. 28 0

Төрт облыста жол ашылды

12 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031