Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Боран, көктайғақ»: Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа-райы сақталады

«Боран, көктайғақ»: Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа-райы сақталады

Астана қаласында да қар мен боран күтіледі.
Фото: PixabayФото: Pixabay

12 наурызға Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ұлытау облысында түнде батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауып, боран соғады. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Батыс пен оңтүстікте тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м жетеді.
Қарағанды облысында қар жауып, боран соғады. Шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды қаласында да қар мен боран болжанып отыр.
Павлодар облысында қар жауып, боран болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.
Алматы облысында оңтүстік және таулы аудандарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде солтүстікте және таулы аймақтарда 25 градусқа дейін аяз күтіледі. Алматы және Қонаев қалаларында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және боран болады. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түркістан облысында батыс, солтүстік және таулы аудандарда тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да уақытша тұман түседі.
Атырау облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысында солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Семейде де осындай ауа райы сақталады.
Батыс Қазақстан облысында тұман мен көктайғақ болады. Орал қаласында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр. Кей аудандарда тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік және шығыс бөліктерінде қар мен боран күтіледі. Өскеменде күндіз қар жауып, боран соғады.
Қостанай облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады.
Қызылорда облысында және Қызылорда қаласында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Астана қаласында да қар мен боран күтіледі.
Жамбыл облысында оңтүстік және таулы аудандарда тұман түседі. Таразда да уақытша тұман болады.
Жетісу облысында оңтүстік және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде кей жерлерде 25 градусқа дейін аяз болады.

12 наурыз 2026 ж. 29 0

Төрт облыста жол ашылды

12 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031