Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Польшада қазақстандық жауынгерлердің 56 қабірі табылды

Польшада қазақстандық жауынгерлердің 56 қабірі табылды

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгердің тізімі берілді.

Жарты жыл көлемінде поляк мекемелері жерлеу орындарын іздеу және қазу жұмыстарын жүргізді. Майданға Қазақ ССР-нан шақырылған Қызыл Армия жауынгерлерінің 56 зираты табылып, орнатылды. Тұлғаларды анықтау және өлімнің мән-жайын анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

Еліміздегі Польша Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташе подполковник Петр Вуйтович қызыл әскерилердің тізімін салтанатты түрде әскери-тарихи мұражайдың басшысына тапсырды.
"Ұлы Отан соғысындағы жеңістің жетпіс бес жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл іс-шараның маңыздылығын айта өту керек. Тізімдегі әрбір жауынгер біреудің туысы және атасы болып табылады. Жақындарыңыздың Отанды ерлікпен қорғаған жауынгерлердің қайда жерленгенін білуі өте маңызды", - деп атап өтті музей бастығы подполковник Нұртаза Әсілов.

Тізімді алғаннан кейін мұражай Қызыл Армияның туыстарын іздеу бойынша жұмыс жүргізеді.


---
28 қараша 2020 ж. 489 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 26

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930