Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жастар алған жетістіктер

Жастар алған жетістіктер

Қазалы спорттағы нәтижелер жөнінен облыстағы жетекші аудандардың бірі екенін білеміз. Ал жергілікті білікті бапкерлердің қол астынан шыққан спортшылар елдің мерейін Азиялық, әлемдік чемпионаттарда асқақтатып жүр. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын жұмыстар да нәтижесіз емес. Атқарылған шаруалар мен жүйелі жұмыстар жайына байланыс­ты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосыновпен сұқбаттасқан едік.
– Нұрлыбек Нұртазаұлы, спорттың мемлекет саясатында айтулы рөл атқаратыны белгілі. Ауданда аталған саланы дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Күнтізбелік жоспарға сәйкес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жыл басынан бері 85 спорттық шара өткізілді. 2018 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасының жастар арасында самбо спортынан, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ және бокстан бір-бір спортшы спорт шеберлігіне өтті. 46 адам спорт шеберлігіне үміткер және 12 спортшы І разряд нормативін орындады. Жыл басынан бергі бұл нәтижелер көңіл қуантады. Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңі бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы ұлттық спорттар мен кіші футболдан, шахмат, волейбол, қол добы, гір спортынан аудан біріншіліктерін, екі республикалық, екі облыстық еске алу турнирлерін абыроймен өткіздік. Жүлделерден де құр қол емеспіз.
– Белгілі бір шыңды бағындыру жалғыздың емес, тұтас ұйымның қажырлы еңбегін қажет ететіні анық. Төккен тер мен үкілі үмітті ақтап жүрген жас спортшылардың жеткен жетістіктеріне тоқталып өтсеңіз.
– Осы сәтке дейін байрақты бәсекелерде құр қол қайтқан кезіміз жоқтың қасы. Оның себебі білікті бапкерлердің жаттығуды жоғарғы деңгейде өткізетіндігі болса керек. Ал биылғы жылдың жетістіктеріне келер болсақ ауыз толтырып айтуға болады. Қаңтар айында Қызылорда қаласында өткен тоғызқұмалақтан ересектер арасындағы облыс чемпионатында Шыңғыс Ұзақ ерлер арасында және Ұлдана Маханбетәмин қыздар арасында бірінші орынды жеңіп алды. Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған гір тасын көтеруден өткен облыс деңгейіндегі сайыста 85 кг салмақ дәрежесі бойынша Қали Рүстемов екінші орынды еншіледі.
Көктем басында Астана қаласында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілген болатын. Жарысқа 200-ге жуық палуан қатысып, нәтижесінде 75 кг салмақ дәрежесі бойынша Серікбол Сембиев екінші орынға тұрақтады. Ал 1-3 сәуір аралығында Қызылорда қаласында гандбол ойынынан өткізілген облыстық «Ұшқыр доп» мектеп лигасында қазалылық ер балалар мен қыздар командалары бірінші орын тұғырынан табылды.
Біздің спортшылар аяқпен шайқасу жағынан да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мәселен 7-8 сәуір аралығында Тараз қаласында таеквондодан WТ жекпе жегінен Республикалық турнир өтікізіліп, сайыста Қазалы спорт клубының спортшылары Мадияр Әбілқасым үшінші, Құтай Орынбет үшінші, Назым Жақсылық бірінші орынды еншіледі.
Қазалылық спортшылар Қазақ елін халық­аралық, әлемдік турнирлерде танытып жүр. Олай деуіміздің көптеген себебі бар. Жақында ғана Бішкек қаласында ересектер арасында өткен тоғызқұмалақтан Азия кубогы жарысында жерлестеріміз С.Шүленбаев пен Ш.Ұзақ жүлделі І орынды жеңіп алды. Сол сияқты А.Жұбаназар самбодан Моңғолияда өткен жастар арасындағы сайысының Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Ал шілде айында тоғызқұмалақтан Моңғолиядан өткен Азия чемпионатында Ұлдана Махамбетәмин деген қызымыз қола жүлдеге ие болды.
– Ал аудандағы бұқаралық спортты, оның инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жайында не айтасыз?
– Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, бұқаралық спортпен айналысушы қазақстандықтардың санын 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу тапсырмасына сәйкес жоспарлар құрылды. Тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны қазіргі таңда 20518 адамға жетіп, яғни 27 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Дене шынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, «Әйтеке би» спорт клубы қоғамдық бірлестігінен қазір ауылдық округтерге 29 бірлік нұсқаушы бөлініп, 5620 адам спортпен тұрақты түрде шұғылдануда. Аталған спорт нұсқаушыларына елді мекендердегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спортқа тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында спорттың баскетбол, волейбол, футбол, дойбы, шахмат, стол теннисі, тоғызқұмалақ және қол добы сияқты түрлерінен сыныптар арасында «Мектеп спорт лигасы» аудандық жарыстар тұрақты түрде өткізілуде.
Жанқожа батыр ауылына ел игілігіне пайдалану үшін жаңа спорт кешенін құрылысы салынды. Қазіргі таңда спорт секциялары негізінде жұмыстар жоспарлауда. Ал «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадионына аудан әкімінің тікелей қолдауымен облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Қазалы қаласында және Ақсуат ауылында жасанды спорт алаңдары салынуда. Осы жылы халық игілігіне берілетін болады.
Сонымен бірге, қысқы спорт түрлерін дамыту үшін 20 х 40 көлемінде корт алаңына мұз айдыны жасалды. Коньки, шаңғы т.б спорт құралдары алынып, қыс айларында келушілерді қабылдайтын болады.
– Спортпен айналысушыларға келешекте қандай жағдайлар жасалмақ?
– Ең алдымен кенттің батыс беткейі мен 13 мың халқы бар 5 квартал аймағына халық сұранысына сәйкес 2 жасанды жасыл алаң салу жоспарлануда. Бұдан бөлек елді мекендердегі жасөспірімдер мен жастардың қыс мезгіліндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауылдарға 20 х 40 көлемінде жасанды мұз айдынын салуға ауыл әкімдері және мектеп басшыларының қолдауы қажет болып отыр. Ал кіші футбол алаңдарына келушілер көп болғандықтан жасанды газондардың жағдайына басымдық бермекпіз. Қазірдің өзінде аудан бойынша отызға жуық жасанды кіші футбол алаңы бар. Бұлар спорт бөлімі, білім саласындағы мектептер және ауылдық округ әкімдіктерінің теңгеріміне берілген. Осы жасанды алаңның төсеніштері мен қоршау сеткілерінің тозығы жетуіне байланысты, аудан әкімінің қолдауымен Әйтеке би кентіндегі 4 жасанды жасыл алаңды жөндеу үшін тиісті қаржы бөлініп, жұмыстар жасалды. Алдағы уақытта қалған алаңдарға кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұқбаттасқан, Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

18 қыркүйек 2018 ж. 2 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930