Байқоңырда халықтық спорт ойындары басталды

Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай алтыншы мәрте ұйымдастырылған спорттық бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда, 1000-нан аса спортшы бақ сынасуда.
Сайыс спорттың 12 түрінен волейбол, стрит воркаут, жағажай волейболы, стритбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір спорты, қол күресі, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, асық атудан өтуде.
Жарыс нəтижесінде жеңіске жеткен спортшылар 21-25 қыркүйекте Маңғыстау облысы Ақтау қ. ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін республикалық халықтық спорт ойындарына қатысады.
Айта кетейік, биылғы жарыстың ерекшелігі - спорт түрлерінің қатарына стрит воркаут, жағажай волейболы, стритбол енгізілді.
Жарысты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Байқоңыр қаласының мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы.
27 шілде күні сағат 11.00-де ««Десятилетие» стадионында халықтық спорт ойындарының салтанатты ашылуы болады.