Спорт тәртіпті талап етеді
Қазалы халқы оны бұрыннан да жақсы танитын, қарапайымдылығы мен қайсарлығы, бірбеткейлігі үшін құрметтейтін. Ал бүгінде оны грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері ретінде мойындап, таңдай қағуда. 10 жасынан спортпен айналысқан ол аядай ауданнан шығып, Алла берген талантының, адал еңбегінің арқасында грек-рим күресінен талай мәрте жеңімпаз атанды. Әңгіменің ауаны №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі грек-рим күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы Самат Оспан жайында. Жуырда ғана Болгария елінің Пловдив қаласынан күміс жүлдемен оралған спортшымен емен-жарқын әңгіме өрбіткен едік.
– Самат Қобландыұлы, жергілікті жұрт сіздің спорт саласындағы жеткен жетістігіңізді жақсы біледі. Ең әуелі осы спортқа қалай келіп, бағындырған биіктеріңізге тоқталып өтсеңіз...
– Грек-рим күресімен 10 жасымнан бастап айналысып келемін. Спорттағы алғашқы ұстазым Кенжетай Ұзақбаев есімді азамат болды. Бертін келе Мұхтар Рахметов сынды жаттықтырушылар баптады. Сөйтіп, ақырындап жүріп анық басып, спорттың осы түріне топ ете қалдым.
Расымен бағындырған белестер аз болмады. Мәселен, былтыр қазан айында Греция қаласында өткен Әлем чемпионатына барып, 70 келі салмақта өнер көрсеттім. Үшінші орынға таласып, есе жібердім. Содан бері 1 жыл бойы жаттығудан қол үзбедім. Сол аралықта араға екі ай салып, желтоқсан айында Ақтөбе қаласында өткен республикалық турнирге жолға шықтым. Бұйырып, 70 келі салмақтан 62 келі салмаққа ауыстым да сол салмақта бірінші орынды қанжығаладым. Ал биылғы 2022 жылдың сәуір айында көрші Ресей елінің Нижний Новгород қаласында «Ресейдің ашық біріншілігі» өтті. Ол жақта да 62 келі салмақта күміс жүлдегер атандым. Одан кейін өткен қыркүйек айының 25-і күні айырқалпақтылардың Бішкек қаласында Әлем чемпионатының ашылуында жүлделі бірінші орын бұйырды. Міне, осының барлығы кешегі өткен додаға дайындық еді.
– Бұл жолғы жүлденің орны мүлдем бөлек. Болгария елінде грек-рим күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені қанжығалау кім көрінгенге бұйыра бермейтін бақ. Сондықтан Пловдив қаласындағы болған жарыс жайында кеңінен тарқатып берсеңіз...
– Ол жақта ең әуелі Египет спортшысын артта қалдырсам, одан соң екі мәрте болгариялық спортшылармен күш сынастым. Онда да айым оңынан туып, жаттығудың арқасында екеуін де ұттым. Бірақ, финалда неміс палуанына есе жібердім. Соңына дейін 3-3 есебімен келіп, соңғы әдісті неміс спортшысы жасап, жеңіске жетті.
Осы тұста айта кететіні, Әлем чемпионатындағы төрешілердің қысымы қатты болғаны. Бұл европалықтардың маған ғана емес, тұтас азиялық спортшыларға жасаған қиянаты десем артық болмас. Дегенмен біз соған қарамастан соңына дейін күрестік. Мен екі бірдей кездескен жергілікті жердің балуандары әлемнен орын алып жүрген спортшылар. Сондай-ақ египеттік қарсыласымда осал болмады. Бір қызығы олар денесіне май жағып бозкілемге шығады. Бұл дегеніміз, өзін қарсыласқа ұстатпаудың ұтымды әдісі. Күресте «лас (грязный) күрес» деген ұғым бар. Ол дегеніміз, тарту, шымшу, сүйектен тебу секілді құйтырқы әдістер. Олар осының барлығын жасады. Алайда айла алдыға баспады. Жаратқанның көзі түзу болып, қазақ елінің намысын абыроймен қорғап қайттым деп есептеймін. Тағы бір түртіп өтетін жайт, осы Әлем чемпионатының нәтижесінде толық есепте Қазақстан екінші орынға жайғасты. Мұның өзі біз үшін үлкен мәртебе. Өйткені бұл орыннан жастардың өзі көріне бермейді.
– Ақтық сында неміс спортшысына есе жібердіңіз. Финалда Саматқа не жетіспеді?
– Олай айтуға болмас. Маған бәрі жетіп тұрды. Өзімнің бабымда екенімді әуелден біліп, іштей дайындалып бардым. Тіпті, жан баласына тіс жармай елдің туын дорбама салып алдым. «Қалай да болмасын көк туымызды көкте желбіретімін» деп Қазалыдан шығып, Болгария жеріне аяғым тигенше санамда ұстап бардым. Ақтық сында мен қарсыласты айқын жеңдім. Неге десеңіз, есеп 3-3 болып тұрған тұста, ойынның аяқталуына 10 секунд уақыт қалғанда күрестің ережесіне сәйкес белгіленген шеңберден қарсыласты шығарып үлгердім. Ал қай балуан сол сызықтан шығарса соған ұпай берілуі тиіс. Бірақ маған сол ұпайды бермеді. Бұл дегеніміз, қандай жағдай болмасын неміс жігітін жеңімпаз қылу керек болды дегенге саяды.
– Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бұдан бөлек бұған дейін «әттеген-ай» деген кезіңіз болды ма?
– Дұрыс. Спортта «әттеген-ай» дейтін жерлер көп болды. Мәселен, мен 1998 жылы Шымкент қаласына оқуға түстім. 5 жыл бойы сол жақтың атынан шығып, абыройын қорғадым. Ол кезде мен жатаханаға орналасқан едім. 2001 жылы академик, Шымкент қаласының құрметті азаматы Мардан Сапарбаев деген азаматты еске алуға арналған турнир өтті. Халықаралық жарыс болған соң, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елінен кіл мықтылар бас қосты. Ол кезде «мастер спорт» деген атақты бірінші орын алған спортшылар ғана ала алады. Мен 55 келі салмақта өнер көрсетіп, үшінші орын алдым. Бұған өзімнің қателіктерім мен алған жарақатым зиянын келтірді. Сол тұста «әттеген-ай» деп іштей қынжылғаным бар. Жас кезде жете алмай, іште қалып қойған арман-мақсаттар үлкейгенде орындалып жатыр. Шүкір, бұйырып тұрған дүние болса ешқайда қашпасы анық.
– Естуімізше, елге оралғаныңызда арнайы күтіп алған іні-бауырларыңыз қазақтың қасиеттісі болып кеткен тұлпар мінгізген екен. Айтарыңыз бар ма?
– Алыста жүріп жеткен жетістігіме менімен бірге қуанып отырған жандар көп болды. Сәт сайын хабар алмасып, демеу болған іні-бауырларым да аз емес. Елге оралғанда Қазалы вокзалынан барлығы құшақ жая қарсы алды. Соның ішінде спортта жүрген шәкірттерім, оқушыларым, 5-ші аймақтың аға-інілері, «Әли-Муса» мешітінің жамағаты жиылып, өздерінің жинаған қаражатына жылқы алып, сыйға тартты. Қазақтың киелі жануарына мінгізіп, аудан ішімен жүргізді. Сондай-ақ мен жарысқа шығатын кезде жолға деп ауыл жігіттерінің қаражат жинап бергені бар. Сол секілді Қайрат Жиенқұлов бауырымның еңбегін айтпай кетуге болмас. Өзі ауылдан жырақта жүрес де, үнемі қай жарысқа барсамда қаржылай көмегін көрсетіп, сәттілік тілеп отырады. Барлығына ризамын. Жасаған жақсылық өздеріңе еселеп қайтсын!
– Жалпы Қазалы ауданында грек-рим күресінің деңгейі жоғары. Ауыз толтырып айтарлықтай спортшыларымыз да аз емес. Осы ретте артыңыздан ерген қараларыңызға спорттағы түйгеніңізбен бөлісе кетсеңіз...
– Шынымен Қазалы ауданы спортшыдан кенде емес. Спорттың тілімен айтсақ, өсіп келе жатқан жүйріктерге тәртіп керек. Оның барлығы үйдегі ата-ана мен мектептегі ұстазды сыйлаудан басталады. Оған күресте жүрген бапкерлерді де қоса аламыз. Әрбір жаттықтырушы шәкіртінің жаман болғанын қалап, бұрыс қылыққа бұрмайды. Сосын әрбір спортшының алдына қойған мақсаты болып, әрдайым өзін бабында ұстауы керек. Бос уақытты құр өткізбей, жаттығу жасап залда болуы қажет. Өйткені барлығы төккен тердің, еткен еңбектің арқасында келеді. Санадағы қорқынышты сылып тастап, психологиялық тұрғыдан мықты болуы шарт. Сонда ғана барлығы оңынан болады. Айналып келгенде жаттықтырушымен тығыз байланыста болып, берілген тапсырманы артығымен орындау қажет. Соның барлығы тәртіппен келеді.
– Алдағы жоспарыңыз қандай?
– Біз айтып отырған жүлдені маған Жаратқан бұйыртты. 43 жасымда мойныма күміс медаль тағу маған оңай жолмен келмеді. Ал алдағы жоспарым, келер жылы күз айында Греция елінде өтетін Әлем чемпионатында топ жару, өзгелерден үздік болу. Ол үшін осы бастан жаттығуда болып, көк туымызды сол жақта желбіреткім келеді.
– Ашық әңгімеңізге рақмет! Келесі Әлем чемпионатына жеңіс тілейміз!

Әңгімелескен
Абзал ЖОЛТЕРЕК