Көлдер жүйесі сын көтермей тұр
Су – тіршілік көзі. Оның тапшылығы күрделі экологиялық мәселе. Тұрмысты тұралатып, көңілді алаңдататын аталмыш жайт аудан жұртын да айналып өткен жоқ. Қуаңшылыққа қайта ұшыраспай, тығырықтан шығар жол бар ма? Осы мақсатта Қазақстанның су шаруашылығы ардагері, Халықаралық Аралды құтқару қоры, облыстық су шаруашылығы, облыс, аудан басшыларының марапаттарымен бірнеше рет марапатталған Қолғанат Қартановпен жолықтық.
– Сыр бойында өскен балаға «Не себепті сушы болдыңыз?» деп сұрақ қоюдың өзі артық. Десе де саланың ыстық-суығына төзіп, өмірлік тәжірибеңіз мен күш-жігеріңізді арнаған жолға қалай келгеніңіз туралы білсек...
– Малшы отбасында туылған өренге Сыр бойының ой-шұңқырымен танысып, қараңғы жолсызда жол табу, даламен тыныстау үйреншікті дағды. Ал бұл салаға 1980 жылдары «ПМК-64» мекемесінде көлік жүргізуші болып жүргенімде Басықара су тоспасы іске қосылуы тікелей себеп болды десем артық емес. Шаруашылықтағы егіс алқаптарын игерудің қызған шағы. Күріш көлемін ұлғайту мақсатында егістікті инженерлік жүйеге келтіру, оларға аяқсу жеткізуде каналдар қазып, реттелмелі су тоспаларын салу жұмыстары жүзеге асты. Осы көріністі күнделікті көріп жүріп, қызығушылығым оянса керек. Бойымдағы қабілетімді ұштауыма мекеме басшысы Самұрат Имандосовтың ықпалы болғанын айтпауға болмайды. Жұмыс істей жүріп, сырттай білім алдым. Өмірімнің отыз жылы осы бағытқа бағытталыпты.
– Аға, аумақтағы су мәселесіне қатысты жиын, басқосу болса, алдымен ізделетін азаматтың бірі болуыңыздың сырын жергілікті жұрт біледі. Ел арасында сіз туралы аңызға бергісіз әңгімелер айтылып жүр. Қаншалықты шындығын өз аузыңыздан естісек...
– Сіздің нені меңзеп отырғанызды біліп отырмын. Осыдан бірнеше жыл бұрын сіздің әріптесіңіздің бірі «Қартанов түйе жүрген жерге су жеткізді» деп мақала жазған болатын.
1990-1993 жылдар аралығында Қуаңдария арнасы суын жетелеп, Мариямкөл, Алтынкөл, Жайлауқақ, Жайлаукөл, Көкен, Аққұдық, Шұбар көлдеріне ірілі-ұсақты бөгеттер басып, каналдар қазып, су жеткіздік. Бұл 120 шақырымға жеткен судың бірнеше жылдан кейін алғашқы ағысын көру көпшілікті ерекше сезімге бөледі. Өкініштісі, 15 жыл аққан Нартай арнасы кейін көміліп қалды. 2017 жылы тазалауға ақша бөлінгенімен, нәтиже болмады. Су Шұбарға да, Аққұдыққа да жетпеді. Қаржылық қиындыққа байланысты «Жуанбалық» көліне су апарып үлегермедік. «Ердес» бөгеті ашылғанша, аты аталған көлдерде су болды.
Айтайын дегенім, бұл көлдер балыққа өте бай еді. 15-20 келілік «су маржандарын» ауланатын. Аталған көлдерде балық түрлерінің өсіп, көбеюі және қыста аман қалуына арналғандай, терең және жайлымдық суы тез жылынатын жерлер жетерлік еді. Қазіргі күйі тіпті қиын. Су жолдары көмілген. Жағасындағы бөгеттер ескірген. Бұл табиғат үшін де, тұрғындар үшін де қауіпті.
Қуаңдария бойында кезекті жұмыс Нартай арнасын тазалап, Аққұдық көліне 1000 гектар, Жуанбалық көліне 600 гектар су құйдырудың жолдарын ашып, Шұбар көліне кететін су жолына бөгет басу керек.
– Ғалымдар: «Үшінші Дүниежүзілік соғыс бір ұрттам қара су үшін болуы мүмкін» деп дабыл қақса да, құрғақшылықпен бетпе-бет келмей, біз қиындықты сезінген жоқпыз. Жалпы, былтырғы жағдайдың орын алу сыры неде? Трансшекаралық су бөлінісінің дұрыс шешілмеуі ме, әлде табиғи жағдай әсері ме? Тығырыққа тірелгенде жол іздемей, жағдайды алдын-ала болжай алмауымызға не себеп?
– Осыдан бірнеше жыл бұрын біз тұратын жердің экологиялық аймақ екенін көрсету үшін түсіруші топ келетін болды. Сонда карта әзірлеуге тапсырма алдым. Көптен ойымда жүрген ұсыныс көкейіме қона кетті. Ықыласпен кірісіп, экологиялық нағыз аймақ Арал ауданына қарағанда Қазалының көп мөлшерін қамтитынын көрсеттім. Аралдың 15-20 проценті экологиялық жағдайға ұшыраған. Қалған зардабы толықтай Қазалы ауданының еншісінде. Арал теңіздің бір шетінде. Тек Бөген, Қарашалаң, Қаратерең, Ақбасты, Аманөткел ауылдары болмаса, біздің аудан теңіз қолтығында орналасқандығын картада көрсеттік. Батыс беткейдегі теңізден жел тұрып, соғатын болса, біздің ауданның үстін шілденің 40 градус ыстығында ақ боран басады. Тұзды шаң көкті құртады. Бұл бір мәселе.
Білсеңіз, трансшекаралық тартыс шешілгенімен, судың азаюы тоқтамайды. Оған дәлелдер жеткілікті. 2013 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеме жасады. Онда министр елдегі табиғи әлеуеттің жұтаңдануына байланысты проблемаларға көптің назарын аудартты. Су айналасындағы мәселелер сөз болды. Олардың қатарында су тапшылығын тудырып отырған халық санының өсуі, басқа арнаға бұрылуы, сондай-ақ мұздықтардың еруі, құрғақшылық, жердің азып-тозу үдерісін нақты тұжырымдармен көрсетіп, Қазақстандағы сегіз су бассейнінің алтауы 2020 жылға қарай тапшылыққа ұшырауы мүмкіндігін жеткізді. Егер су ресурстарын пайдаланудың және басқарудың тиімділігін көтермейтін болсақ, онда 2040 жылға таман су тапшылығы арта түсетінін де айтты. Сол болжам дәл келіп тұр.
– Сіздің осы бағытта жиырма жылдан бері көтеріп жүрген ұсынысыңыз бар екен. Оқырмандармен бөліссеңіз...
– Ақсай-Қуаңдария көлдер жүйесі бойындағы елді мекендер бұрын берекесі тасыған балықшы ауылдар болатын. Сол жағдайға қайта жеткізу, су айдындарын ұстап қалу, тіршілікті тоқтатпау үшін реттелмелі су құрылыстарын орналастырып, 30 мың гектардан асатын көлдер жүйесін реттеу тығырықтан шығудың негізгі амалы саналып отыр. Осы мақсатта төмендегідей мәселелерді қолға алу керек.
Ақсай арнасы сағасынан 50 текше метрлік су өткізетін реттелмелі күрделі су тоспасын орналастырып, 5 текше метр суды Әбекең каналы арқылы Сарыкөл, Табанкөлге, Ботай елді мекеніндегі 450 гектар мал азығындық инженерлік жүйеге келтірілген егістігіне аяқсу апару қажет. «Қараарықтан» «Өгізбөгетке» дейін халықтың бақша егуіне аяқсу барады. Сағасын ескі дариядан алатын Томай көлінің «Келтеарығын» тазалап, 5 текше метр су өткізетін реттелмелі су тоспасын орнатып, Ақсайдан бастап Жұбан-Садырбай көлдеріне дейінгі 11 шақырымды тазалап, Мырзаш қыстауына дейін 2 шақырымдық қорғаныс бөгетін салу маңызды.
Жұбандағы ескі бөгетті үлкейтіп, 40,0 текше метр су өткізетін реттелмелі су тоспасы салынса, 3700 гектар көлдерді келесі су жіберілгенінше толық жағдайда ұстауға болады.
1985 жылы бой көтерген «Сағыр» су тоспасын қайта жөндеу арқылы мұндағы 3000 гектар «Дауылкөл» суын да ұстауға жол ашылады.
Ескі «Кәрі бөгетті» қалпына келтіріп, Тәуке өзегінен 30 текше метр шлюз орналастырса, 3000 гектарлық Лақалы көлдері суланады.
«Тасөткел» өзегінен күрделі су тоспасын орналастыру 4000 гектар Жанай көлдерін толық күйде ұстауға көмектеседі. Кәукей халқы үшін Жиеней Жарма каналы аяғын «Тасты» аралына дейін қорғаныс бөгетін жөндеп, «Айжарым» аралығына бөгет басылуы тиіс. Сондай-ақ, Сарыкөл аяғындағы өзекке 10 текше метр су өткізетін реттемелі су тоспасын орналастыру арқылы шабындық, жайылымдық бағытында Тайкеткен, Талқанбай, Шүбеке, Қожамберлі, Құрдым, Иманкөл, Сарыкөл барлығы 6-7 мың гектар көл суланады.
– Демек бұл 5 реттелмелі су тоспасы арқылы аудандағы ахуалды жақсартуға бола ма?
– Иә, 5 жерден шлюздерді бекіту, суды тиімді, ысырапқа жол бермей пайдаланудың бірден бір жолы. Қос тарапындағы аудан халқының 15 мыңнан астамына кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашылады. Аз да болса экологиялық жағдай жақсарып, халық қуаңшылықтан құтылады. Алдағы су тапшылығы туындаған жағдайда суды үнемдеудің бұдан тиімді бағыты болмай отыр.
– Бұл бағытта қолға алынған жобаның бірі – жерасты суларын жаңғырту. Сіздіңше ол тұрмыс үшін тиімді ме?
– Бастаманың облыста қолға алынғанын естідім. Көршілес Арал ауданында жайылымдық жерлердегі жерасты суларының көзін ашу қолға алынып жатқанын көрдім. Ол тиімді тәсіл.
Қармақшы жерінде ғарыштық жүйе үшін жасалған «Бекей» деген жоба бар. Сол 20 жыл бұрын іске қосылғаннан кейін біздегі жерасты суларының барлығы тартылып қалды. Кезінде бұл туралы шу шыққан. Онан кейін не болғанын білмеймін. Менің айтарым, жерасты сулары жолдарын ашу үшін барлық аудандарға тең көлемде қаржы бөлінуі керек.
– Әңгімеңізге рахмет!

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА