Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қыс - 2025" облыстық штабтық оқу-жаттығуы өтті

"Қыс - 2025" облыстық штабтық оқу-жаттығуы өтті

Өткен жұмада аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен «Қыс-2025» облыстық штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығу 20-21 қараша күндері азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығын, қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға ден қою әзірлігін тексеру мақсатында өткізілді. Командалық-штабтық жаттығулар, авариялық құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-қимылдары пысықталды.
Саптық қарауға азаматтық қорғау, авариялық-құтқару құтқару қызметтерінен 71 техника, 213 жеке құрам қатысты. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.
Аудан аумағында ұйымдастырылған оқу-жаттығу 3 кезеңде өткізілді.
Бірінші кезеңде жеке құраммен техникалардың саптық қарауы тексерілсе, екінші ауа-райының қолайсыздығынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай авто трассанда жолда қалған жолаушыларды құтқару, апатқа ұшыраған адамды көлік ішінен шығарып, медициналық көмек беру, үшінші «Қазалы Теміржолжылу» мекемесінде орын алған ақаулықтарды жойып, қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру шаралары бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтары пысықталды.
22 қараша 2025 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930