Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді

АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді

Фото: depositphotos.com
АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Euro News-ке сілтеме жасап.
Вашингтон штатының денсаулық сақтау департаменті марқұм қарт болғанын және ауыр созылмалы аурулары болғанын мәлімдеді. Ол жұқтырған H5N5 құс тұмауының штамы бұған дейін адамдарда кездеспеген.
Билік мәліметінше, науқастың үйінің ауласында түрлі құстар болған.
"Денсаулық сақтау органдарының өкілдері халық үшін қауіптің төмен екенін атап өтті. Науқаспен байланыста болған ешбір адамда оң нәтиже анықталмағаны және вирустың адамнан адамға жұғуын растайтын дәлелдер жоқ екені айтылды", – делінген хабарламада.
Құс тұмауы – құс популяцияларында бірнеше онжылдық бойы кездесіп келе жатқан вирус, алайда кейінгі жылдары ол сүтқоректілерге жиі жұға бастады. 2024 жылы АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі миллиондаған құстарды зақымдаған құс тұмауының штамы кейбір сүтқоректілерден де анықталғанын мәлімдеді.
"АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректері бойынша, қазір АҚШ-та кем дегенде 70 адам жұқтырғаны расталды", – деп жазады басылым.
ABC News дерегінше, көп жағдайда ауру жеңіл түрде өткен – мысалы, көздің қызаруы мен дене қызуының көтерілуімен шектелген, ал кейбір науқастарда анағұрлым ауыр белгілер байқалған.
23 қараша 2025 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930