Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде алғаш рет H5N5 құс тұмауынан бір адам қайтыс болды

Әлемде алғаш рет H5N5 құс тұмауынан бір адам қайтыс болды

Оның үйінің ауласынан әртүрлі түрдегі үй құстары анықталған
Әлемде алғаш рет H5N5 құс тұмауынан бір адам қайтыс болды
Фото:
© istockphoto.com
АҚШ-та алғаш рет адамға бұрын тіркелмеген H5N5 құс тұмауы жұғып, өлімге әкелген жағдай тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Вашингтон штатында болды

Денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған адам – жасы келген, ауыр созылмалы аурулары бар тұрғын.
Тексеру барысында оның үйінің ауласынан әртүрлі түрдегі үй құстарының шағын тобы анықталған. Науқастың отбасы мүшелері туралы ақпарат жарияланбай отыр.

H5N5 штамы алғаш рет адамда анықталды

Соңғы бір жарым жылда АҚШ-та тіркелген барлық адам жұқтыру жағдайлары H5N1 штамымен байланысты болған.
Вашингтондағы бұл жағдай — H5N5 вирусы алғаш рет адамға жұғып, өлімге әкелген әлемдегі алғашқы оқиға болып отыр.

Қоғам үшін қауіп деңгейі қандай?

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, қоғамдық тәуекел деңгейі төмен, науқаспен байланыста болған адамдардан вирус анықталмаған, адамнан адамға берілу фактілері жоқ.
Мамандар бұл жағдайдың бақылауда екенін және қауіптің таралу ықтималдығы аз екенін атап өтті.



23 қараша 2025 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930